info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Sairanbek Agro» ЖШС «Даму» Қорынан қолдау алды

Жаңалықтар
17.07.2023

Бүгінгі күні Жетісу облысында ауыл шаруашылығы – облыс экономикасы үшін үлкен маңызға ие.

«Sairanbek Agro» ЖШС да 2020 жылдан бастап осы салада қызмет көрсетіп келеді. Негізінен күздік бидай мен арпа өсірумен айналысады. Шаруашылық Жетісу облысының Сарқанд ауданында орналасқан.

Компания Сарқанд ауданы бойынша ірі шаруашылықтардың бірі болып саналады. Бәсекелестері аз емес мына заманда бұл кәсіпорын модернизацияланған арнайы техника, мол жұмыс тәжірибесінің арқасында көштен қалмай келеді. Сонымен қатар компания шаруашылықтың тамырына қан жүгірту үшін қаржы тартуға да жиі жүгініп тұрады. Шаруашылықта жалпы ауданы 1 871 шаршы метр болатын жері бар. Шаруашылыққа қажет барлық ауылшаруашылық техникаларымен жабдықталған.

Мемлекеттен қолдау алу үшін «Даму» Қорына жүгінген компания «Forte bank»-тен жылына 21,75%-бен несие алды, оның 7% - кәсіпкер төлейді, ал қалған бөлігін мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілдің жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді. Несие негізгі құралдарды толықтыруға жұмсалды.

Компанияда 21-ден астам адам жұмыспен қамтылған, оның 10-ы тұрақты, ал қалғаны маусым кезінде жұмысқа тартылады.

+7 7017206038

Жетісу облысы, Сарқанд ауданы, Сарқанд қаласы, Төле би көшесі, 2-үй