info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«SAF» жуғыш заттары - қол жетімді бағадағы сапалы өнім

Жаңалықтар
17.07.2023

Шымкенттік ЖК «KERUEN» тұрмыстық химия, сұйық сабын, дәретхана сабын, жууға арналған гельді концентрат, шыны тазалағыш, ыдыс жууға арналған жуғыш заттар шығарып келеді. «SAF» сауда белгісінің Қазақстан нарығын жаулай бастағанына 5 жылдан асты.

Дайын өнім табиғи өсімдік сығындылары, хош иісті майлар және табиғи бояғыштар қосылған өсімдік тектес майлардан ғана жасалады.

«KERUEN» ЖК өнімді шығарып, сатумен ғана шектелмейді, сонымен қатар жуғыш затты ұтымды таңдаудан бастап, оны дұрыс қолдануды үйренуге қолдау көрсетуге дейін жан-жақты қызмет көрсетіп, тұтынушыларға кеңес те береді.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания 2021 жылы «Bereke Bank» АҚ (бұрынғы «Сбербанк» АҚ ЕБ) арқылы айналым қаражатын толықтыруға жылына 18,25%-бен қаражат алды, оның 13,25%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, сондай-ақ, Қор кепілзаттың жетіспейтін бөлігіне өз кепілдігін берді.

«SAF» жуғыш заттары Өзбекстанға да экспортталады.

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай а., Қонаев көш., 19 үй.

Телефон: +7 702 849 93 64

Пошта: Keruen_kz@mail.ru