info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жиһаз өнеркәсібі - әрдайым сұраныста

Жаңалықтар
17.07.2023

Қызылордалық кәсіпкер Мақсат Таев жас кезінде қолөнермен, атап айтқанда ағаш оюмен, қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – домбыра және басқа да интерьер бұйымдарын жасаумен айналысты. Ол ағаш кесуге арналған заманауи кәсіби жабдықты сатып алып, өз кәсібінің осы бағытын дамытуды жоспарлады. Алайда, достарының ұсынысы бойынша жиһаз өндірісін қолға алып, жинақтаған қаражатына ағаш өңдеу жабдығын сатып алды. Беларуссияда және Италияда өндірістік компанияларда жұмыс істеген, осы салада білімі мен тәжірибесі мол досы өз тәжірибесімен бөлісіп, жабдықпен жұмыс жасауды үйретті. Осылайша, 2020 жылы кәсіпкер өз кәсібін ЖК "Ади Мебель" атауымен тіркеуге шешім қабылдады.

Жұмыс істеген жылдары кәсіпкердің өз тұтынушылық базасы қалыптасып, өндіріп жатқан өнімдеріне сұраныс артқан. Қазіргі уақытта компания тапсырыс бойынша кез келген күрделі жиһаздарды өндіруде. Кәсіпкер жиһазының бағасы жиһаз түріне, дизайнына, дайындау күрделілігіне және мерзіміне байланысты өзгереді.

2022 жылы өз кәсібін кеңейтіп, тапсырыстарды арттыру мақсатында Мақсат Таев "2021-2025 жылдардағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" бағдарламасы шеңберінде, төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен несие алу үшін ForteBank-ке жүгінді. Алынған қаражатқа кәсіпкер жиһаз цехына арналған қойма және жиһаз жасау мерзімін қысқарту үшін арналған арнайы жабдық сатып алған. Бұл, өндіріліп жатқан өнімдерге деген тапсырыстар санының артуына мүмкіндік берді.

«Қазіргі уақытта жиһаз индустриясы қарқынды түрде дамып келеді. Бұл дизайнның үнемі жаңашыл үлгіде болуын, сапалы материалдар қолдануды талап етеді. Ал біз заман талабына сай әрекет етуге тырысудамыз», - деді кәсіпкер.

Қызылорда қаласы, КБИ м/а, Балдырған, №1

Инстаграмм: @adi_mebel_kzo