info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«NEFIS FOOD»: өмір бізбен тәттірек!

Жаңалықтар
19.07.2023

«NEFIS GROUP» ЖШС – қазақстандық өндіруші және Оңтүстік-Шығыс Азиядан шай мен кофе жеткізуші. Компанияның негізгі қағидаттары – өнім сапасын үздіксіз жақсарту, серіктестермен қарым-қатынаста адалдық және қолайлы баға саясаты.

2020 жылы компания дайын өнім түрлерін арттыру туралы шешім қабылдады және шақпақ қант өндіруге шешім қабылдады. Өйткені, мұндай қант кафелер мен мейрамханалардағы той-томалақ өткізу үшін өте ыңғайлы және тиімді өлшем.

Бүгінгі күні «NEFIS FOOD» сауда белгісімен олар 400 гр., 800 гр. пакеттерде, ал қаптарда 5-10 кг қант өндіреді. Көтерме және бөлшек саудада өз брендімен құрғақ сүт те сатады.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания 2022 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы қант өндірісін кеңейту үшін жылына 21%-ға қаражат алды, оның 16%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, сондай-ақ кепілдің жетіспейтін бөлігіне Қор кепілдігін берді.

Көтерме алдын ала тапсырыс кезінде тұрақты серіктестер үшін көп деңгейлі жеңілдіктер жүйесі жұмыс істейді және жаппай тапсырыстарды жеткізу 7 күн ішінде ТМД-ның кез келген қаласына, 14 күн ішінде - әлемнің кез келген нүктесіне жүзеге асырылады. Серіктестер тізіміне Қазақстан мен Ресейдің ірі қалаларындағы негізгі сауда желілері кіреді.

Мекенжайы: ҚР, Шымкент қ., Қапал батыр көш., «Өндірістік» аумағы, 116/1.

телефон: +7 (775) 000 90 10

E-mail: nefiscafe@mail.ru, info@nefis.kz