info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өскеменде форель өсіретін ферма қолдау алды

Жаңалықтар
18.07.2023

«Шығысуниверсал» ЖШС 2004 жылдың маусым айынан бастап балық пен шаян тәрізділерді өсіріп, өңдеумен айналысады. Бүгінгі таңда басты өнім тірі салмақтағы форель.

Компания инвестиция үшін несие қажет болғанда «First Heartland Jýsan Bank»-тен 14%-бен 60 айға несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында мемлекет субсидиялайтын бөлігі 8%-ды құрайды. Кәсіпкер қарызын қалған 6% сыйақы мөлшерлемесімен өтейді.

Кәсіпорынның шаян мен жаңа мұздатылған балық өңдейтін цехы бар. Жақын жерде Ертіс өзені ағып жатыр. Бірақ ағысының қаттылығынан бұл су айдынында балық өсіру мүмкін емес. Цех ғимараты 2 қабаттан тұрады, бірінші қабатта орналасқан 2 бөлмедегі 16 бассейн-аквариумнің іші тола форель шабақтары. Жалпы саны 400 000 дана. Оның жанында 4 шкаф инкубатор бар. Онда ұрықтар жетіліп жатыр. Сонымен қатар кеңсе үй-жайлары, киім ауыстыратын бөлмелер, сондай-ақ бос алаң да бар.

Цехпен қатар компанияның Өскемен су қоймасы маңындағы (Масьянов шығанағы) қаладан 35 шақырым жердегі Новотроицк кентінде балық фермасы да бар. Онда 29 бақша, жемшөп пен мүкәммал қоймасы орналасқан. Мұндағы су қоймасын: сібір миногасы, хариус, шортан, көкшұбар балық, будан ақсаха, пайдабалық, торта, тарақ балық, аққайран, оңғақ, табан, мөңке, алтын, күміс мөңке, сазан, гольян, көксерке, алабұға секілді балықтар мекендейді. Ферма аумағы кіру мен тұраққа көлік қою – тегін. Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 8.00-19.00 арасы. Ауланған форель ақысы келісімен есептеліп төленеді. Сондай-ақ, қосымша кәуап, серуендеу, күркелер жалға беру, қайықтар, катамарандар және серуен катерін жалдау қызметі де бар.

+7 705 505 51 04

ШҚО, Өскемен қаласы, Ульяновская көшесі, 100/1.