info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жақсы өмір әдемі күлкіден басталады

Жаңалықтар
19.07.2023

Артур бала кезінен тіс дәрігері болуды армандады. Оқыды, тіс дәрігері ретінде жоғары медициналық білім алды. Қазір жоғары дәрежелі маман, «Голливуд күлкісінің» шебері. Оқу біткен соң ол алдымен Павлодар қаласындағы облыстық стоматологияға жұмысқа тұрды. Мұнда жүріп Еуропалық эстетикалық стоматология академиясының бұрынғы президенті, эстетикалық стоматология саласында аңыз адамға айналған Мауро Фрадеаниден білім алды. Сонымен қатар, ол Ресей Федерациясының топ-стоматологы, винир виртуозы Александр Бабуровтан да сабақ алды. Жалпы Артур Галиев жылына 3-4 мәрте үздік тіс дәрігерлерінің курсына қатысып тұрады.

Клиникада жұмыс істеп, дәрігер ретінде тәжірибе жинақтағаннан кейін Артур Галиев жекеменшік стоматология ашуға және өз бетінше жұмыс істеуге шешім қабылдады. Басында ол қазіргі кабинетін жалға алды. Қалада алғашқылардың бірі болып винир салуды бастады, сондықтан жұмыстың негізгі қызметі винир салу. Біраз уақыттан соң ғимаратты сатып ап, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жабдықтар сатып алуды шешті.

Бұл ойын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «ForteBank»-ке жүгінді. Несие бойынша мөлшерлеме 21,5%-ды құрады. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында сегіз пайызды кәсіпкер төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды. «Даму» қоры қосымша кепілдік те берді.

Клиниканың негізгі міндеті – тұрақты даму, жақсы қалыптасқан ішкі құрылым, қаржылық бақылау.

Бізде бәсекелестер жоқ, барлығы біздің әріптестеріміз. Біз қаладағы көптеген стоматологиялармен байланыстамыз, - дейді Артур Галиев.

Павлодар қаласы, Абай көшесі, 223 үй

+7 705 4444 014

Инстаграмм: @rr_dental_pavlodar