info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

QAZBILIM - үздік ұлттық мектеп

Жаңалықтар
20.07.2023

Республикалық «QAZBILIM орталығы» ЖШС – Қазақстанда білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету мақсатында ұлттық мектеп ашқан компания. Қазір 10 қалада 14 бөлімше сапалы білім, жүйелі бағдарлама, үздік нәтиже бағытында жұмыс істеп тұр.

• НЗМ (НИШ), БИЛ, РФММ, «Зерде» мектебі, т.б. дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық;

• 3-11-сынып бағдарламасы бойынша қосымша білім беру;

• ҰБТ-ға кешенді дайындық;

• Тіл курстары (қазақ, ағылшын, түрік, орыс, қытай) тілдері және шет тілдері емтихандарына (TOEFL, IELTS, Duolingo English Test) дайындық;

• Пәндік олимпиадаларға дайындық;

• ҰБТ, пәндік олимпиадалар мен күнделікті сабаққа арналған арнайы материалдар дайындау және сату;

• Мамандық таңдауға арналған арнайы сабақтар жүргізу, кеңестер беру;

• Мотивациялық тренингтер өткізу;

• Республикалық деңгейде мұғалімдер мен оқушыларға арналған шеберлік курстарын ұйымдастыру жолға қойылған.

Өз идеясын жүзеге асыру үшін кәсіпкер Ақтау қаласындағы «Нұрбанктан» 60 ай мерзімге 19%-бен тұрғын емес үй-жай сатып алу үшін несие алды. Кәсіпкер қазір «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін 6%-бен төлейді, ал 13%-ы мемлекет субсидиясы.

Лицей 5-11 сыныпта оқитын 280 оқушыға есептелген. Сыныптағы оқушы саны 18-ден аспайды Лицей оқушылары мен ұжымы алғашқы күннен бастап түрлі биіктерді бағындырып, білімін дәлелдеуде. Оқушылар конкурс арқылы қабылданады. Лицейдің ерекшеліктері: бір тұтас QAZBILIM методикасы, 70% авторлық оқулықтар, ҰБТ-ға, IELTS-ке, НЗМ-ге, БИЛ-ге, РФММ-ге, Олимпиадаға дайындық, қазақстандық және шетелдік үздік университеттерге түсуге бағыт-бағдар және кепілдік, домбыра, жетіген, т.б. ұлттық аспаптар үйірмесі, спорт үйірмесі, шахмат, тоғызқұмалақ, т.б. интеллектуалды ойындар.

Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, тұрғын алабы Толқын-2, ғимарат №120

Байланыс: +7 (775) 917 68 70

Сайт: qazbilim.kz