info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Петропавл қаласында газдалған бетон блоктарының автоклав өндірісі іске қосылады

Жаңалықтар
21.07.2023

«MIX UNIVERSAL» ЖШС компаниясының тарихы 2018 жылдан бастау алады. Негізінен гипстен құрылысқа қажет бұйымдар өндіреді. Айналымын арттыра келе компания 2019 жылы Петропавл қаласындағы бұрынғы Калинин атындағы зауыт аумағынан өндірістік ғимарат сатып алды. Бір жылдан кейін компания газоблоктар өндіруді бастады. Ол іс жүзінде жабдықсыз жүзеге асырылды, тек қоспалар жасау үшін контейнерлер мен газоблоктар құюға арналған қалыптар ғана пайдаланылды.

«Компанияның болашағы бүгін құрылуда және оның модернизациясыз сәтті болуы неғайбыл. Технологиялар, жабдықтарды жаңарту – өнім сапасын арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту, энергия ресурстарын үнемдеу ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға қосқан елеулі үлес», – дейді MIX UNIVERSAL директоры Әділет Әлібеков.

Осылайша, 2021 жылы компания жоғары сапалы газ-бетон блоктардың автоклавтық өндірісін ашуға шешім қабылдады. Осындай сұранысқа ие өнімді шығару үшін компания «Даму» Қорының мемлекеттік қолдауын пайдаланып, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ (қазіргі «Bereke Bank» АҚ) несие алды. Кәсіпкер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрады, ал 8% - дық айырманы Қор субсидиялайды, сондай-ақ бағдарлама аясында несие сомасының 39,8% мөлшерінде Қордың кепілдігі берілді.

«MIX UNIVERSAL» ЖШС құрғақ қоспалар шығаратын және автоклавты бетон өндіретін заманауи зауыт ашты. Компания гипс сылағын, желім, ерітінді қоспалар, құйылатын еден және басқа құрғақ қоспаларды шығарады. Қазіргі уақытта автоклавты бетон өндіретін жабдық іске қосылуда және ол жұмыстар аяқталғаннан кейін газ-бетон блоктарын, еден плиталарын, бетон сақиналарын және іргетас блоктары шыға бастайды. Бұл өз кезегінде 50 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

 СҚО, Петропавл қ., Ж. Жабаев к-сі 237

Тел. +7-771-224-03-16

Пошта mixuniversal@mail.ru