info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

БҚО сұйық азот өндіру зауыты жұмыс істеп тұр

Жаңалықтар
20.07.2023

Азот зауыты – Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі көшбасшылардың бірі. Тұрақты өндіріс бар, шығаратын өнімі мен көрсететін қызметінің жоғары сапасына кепілдік беретін, табысты әрі қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Зауыттың негізгі қызметі – мұнай-газ саласында қызмет көрсету, мұнай-газ секторы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы объектілері үшін қажет криоген өнімдер, оттегі мен азот өндіру және өткізу, сондай-ақ Қазақстан нарығында мұнай-газ және басқа да салалар үшін қызмет көрсету.

2022 жылы Super Ins сұйық азот цистернасының криогенді жартылай тіркемелерін және сұйық азотты сақтауға арналған криогенді тік резервуарларды сатып алу үшін несие қажет болды. Компания өз мақсатын жүзеге асыру үшін «Халық лизинг» АҚ-ға жүгінді. Несие «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мақұлданды. Нәтижесінде Қор пайыздық мөлшерлемені ішінара субсидиялауды ұсынды. Яғни кәсіпкер үшін ақырғы мөлшерлеме жылына 5%-ды құрады.

Азот зауыты өз қызметтерінің сапасын үнемі жақсартуға тырысады. Химия өнеркәсібі нарығында 17 жылдық тәжірибесі, 40 табысты іске асырылған ірі объектілері, бір ауысымда өндірілетін сұйық азоттың 12 тоннасы бар және 100% отандық өндіруші.

БҚО, Орал қаласы, Зачаган кенті, Әзірбайжан көшесі, 48

+7 (7112) 501-717

www.nitrogen.kz