info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Адал плэнт» Компаниясы мемлекеттік бағдарлама аясында өз ісін кеңейтуде

Жаңалықтар
20.07.2023

Алматылық «Адал плэнт» ЖШС қатты иіс сабын шығарушы тұңғыш отандық компания. Бұл кәсіптің негізін Сейсенбай Айдын Қадыржанұлы қалаған. 2013 жылы алғаш рет «SULU» сауда белгісі тіркелді. Яғни осы брендпен иіс сабын, барлық дүниені жуа беретін универсал сабын, балаларға арналған, косметикалық сабын шығып жатыр. Өнімдер ірі супермаркеттерде, Қазақстанның барлық базарларында бар.

Өндіріс желісін кеңейту үшін компания «Қазақстан Халық Банктен» 21,75%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы бойыншаҚор ішінара субсидиялап, оны 8%-ға дейін төмендетті. 

Нәтижесінде өндіріс желісі іске қосылып, ол бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға, импортты қысқартуға және ЕАЭО елдеріне экспортты арттыруға мүмкіндік молайды. Жоба аясында бұрыннан бар жұмыс орындары сақталып, қосымша жаңа жұмыс орындары ашылды. 

Компанияның өндірістік базасы Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан. Зауыттың ауданы 1000 шаршы метрдан асады. Өндіріс жабдықтары халықаралық стандартқа сәйкес келеді. Зауыт айына 100 тонна сабын өндіреді. Білікті мамандар өнімнің жоғары сапасын және тұтынушыларға өз уақытында жеткізуді қамтамасыз етеді. 

«SULU» сабынының құрамы табиғи, халал және органик стандартта. «Адал плэнт» сонымен қатар отандық және шетелдік зерттеушілердің халықаралық тәжірибелері мен зерттеулерін пайдалана отырып қатты сабынның жаңа түрлерін әзірлеуде.

 @sulukazakhstan_kz

Алматы қ-сы, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 13А

+7 700-521-38-48