info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Артық шығынсыз тасымалдау

Жаңалықтар
19.07.2023

Қазіргі заманда тұрмыстағы көп шаруа әрі-бері тасымалдау қызметтерінің арқасында бітеді. Әсіресе өндіріс пен тұтынушы арасындағы географиялық алшақтықты көліктің көмегінсіз жақындату мүмкін емес

Жекелеген өңірлердегі кәсіпкерлік түрлері мен олардың кешенді дамуы көліксіз тіпті елестету қиын. Яғни көлік – нарық инфрақұрылымның және тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық базасының маңызды құрамдас бөлігі саналады.

«Арысланова» жекен кәсіпкерлік нысанын 2021 жылы Арысланова Альбина Шакиржановна тіркеді және жұбайы Арысланов Сағындық Олжабайұлымен бірлесіп жүргізіп келеді.Бұрын Сағындық 9 жыл бойы жүргізуші болып жұмыс істеген. Қазір оның меншігінде 2 дана арнайы техника бар.

Кәсіпкер «Даму» Қорының Ақтөбедегі филиалына келіп, жүк көлігін сатып алуда қолдау сұрады. Жоба «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдау тапты. Нәтижесінде «Банк ЦентрКредит» берген несие бойынша мөлшерлеме 21,75% құраса, оның 8%-ын ғана кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

+7 708 828 2853