info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Біз сәннен қалмаймыз, қалыптан шығамыз!

Жаңалықтар
25.07.2023

Өз киім дүкенін ашу – көп адамның арманы. Сән индустриясы да тұрақты жоғары табыс әкеле алады. Ол үшін үнемі сұраныс, сән трендтерін бақылап отыру міндет. Павлодарлық Шуренов Дастан бизнесті осы бағытта, атап айтқанда ерлер киімі дүкенін ашудан бастады.

Дастан еңбекқор отбасында өсті, ата-анасы саудагер еді. Сондықтан бала кезінен осы іске қызығып өсті. Көбінесе кішкентай Дастан әкесімен бірге дүкен аралап, анасына азық-түлік дүкеніне көмектесті.

Бизнес ашпас бұрын ол Павлодардың нарығын жұбайымен бірге зерттеді. Алдымен өз күшімен тауар әкелуге барып, дүкеннің ұсақ-түйегіне дейін тапсырыс беріп, жабдықтап, біртіндеп ашты.

Қазір кәсіпкердің Павлодар қаласында екі дүкені бар. Кеңейетін уақыт келгенде Ақсу қаласында да бутик ашу жайлы идея келді.

Осы оймен ол Павлодар қаласындағы «Банк Центр Кредиттен» 21,75% - бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдаламасы аясында кәсіпкер оны тек 7%-бен төлейді, айырмасын мемлекет аталған бағдарлама аясында өтейді. Сондай-ақ жоба бойынша портфельдік кепілдік те берілді.

«Бәсекелестік әрқашан болған және мен үшін бұл бәсекеге қабілеттіліктің жақсы көрсеткіші. Қиындықтар әр түрлі болуы мүмкін, Қазақстанда шағын бизнестің болашағын болжау мүмкін емес және әрқашан импульсті қадағалап отыруыңыз керек. Кәсіп иесі өз ісін жақсы көруі керек», - дейді жас кәсіпкер.

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Сәтбаев көшесі, 130 City Center

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Камзин көшесі, 67/1 Batyr Mall СОО

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 35 Космос СОО

Instagram: @Outlet.gaz; @Madisson.pavlodar

Телефон: +7-701 833 05 09