info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ұсақ бөлшекті бетон бұйымдар зауыты «Hess Uralsk» ЖШС

Жаңалықтар
26.07.2023

«HESS URALSK» ЖШС ұсақ бөлшекті бетон бұйымдары зауыты 2016 жылдан бастап неміс технологиясымен жұмыс істейді. Қазақстан бойынша осындай бес кәсіпорын бар. Кәсіпорын бетон бұйымдардың брусчатка, кенере, қабырға панельдері сияқты көптеген түрлерін өндіреді. Компанияның басты мақтанышы – аса берік, стилі ерекше, заманауи технологиямен жасалатын брусчатка.

Мемлекеттік қолдау алу үшін «Даму» Қорына жүгінген компания «Банк ЦентрКредит» АҚ-дан арқылы 23%-бен алған несиесін «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялап, 6%-ға түсірді. Сондай-ақ, «Даму» Қоры несие сомасының 85%-ына кепілдік берді.

«HESS URALSK» ЖШС ұсақ бөлшекті бетон бұйымдар зауыты Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы аясында үдемелі инновациялық даму бағдарламасы бойынша салынған. Жабдықтардың жоғары өнімділігі мен қызметкерлерінің кәсібилігі кез-келген аула, демалыс орындар немесе саябақ, көшедегі жаяу жүргіншілер аумағын, алаңдар немесе жағалаулар, автокөлік тұрағын немесе өндірістік аумақтарды өзгертіп, безендіретін өнімдер жасайды.

ҚР, БҚО, Орал қ., 10 ш / а., Кеменгер көшесі, 43А

+ 7 7112 93 35 51

сайт: hess-uralsk.kz