info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Асыл Қазына» кітап дүкені

Жаңалықтар
28.07.2023

Кітап сату бизнесінен табыс аз деген пікір бар. Дегенмен, кітапты іздеп жүріп оқитын жандар әлі де көп. Бұл – тұтынушы бар екенін және кітап дүкенін ашудың нәтижесіз бизнес емес екенін көрсетеді.

Талдықорғандық кәсіпкер Тоқшекенова Райгүл Апиқызы 2012 жылдан бастап кеңсе тауарларын, кітаптар мен мектепке керек-жарақ дүниелерді сатумен айналысады. Өз бизнесін біртіндеп кеңейте отырып, кәсіпкер ару 2019 жылы Талдықорған қаласында жалпы ауданы 2400 ш.м. болатын «Асыл Қазына» атты тағы бір кітап дүкенін салды.

Бұл істі жүзеге тасыру үшін «Forte bank» АҚ-ға жүгінген кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру үшін несие алып, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында оның субсидиялап, қарызының пайызын 6%-ға түсірді. Сондай-ақ несие аларда кепілдік жеткіліксіз болғандықтан «Даму» Қоры кепілдік те ұсынды.

«Асыл Қазына» дүкендері Талдықорған қаласында кітап, кеңсе және мектеп керек-жарақтарын сату бойынша ең ірі дүкендер болып саналады. Онда 10-нан астам адам жұмыс істейді. Бұл жерде көркем, оқу және ғылыми әдебиеттердің барлық түрі бар.

Инстаграм: @asylqazyna_tdk

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ш / а. Болашақ, 13/1

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 161

Телефон: +7 7011097050, +7 7011154090