info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алматыда шляпа шығаратын компания мемлекеттік қолдауға ие болды

Жаңалықтар
27.07.2023

Шляпа жасау – күрделі және көп уақытты қажет ететін процесс. Оның технологиясы жылдар бойы өзгермей келеді. Әлі күнге дейін бір ғана данадан, қолмен жасалады. Алматыда велюр, киіз, былғары, үлбір, сабан секілді көптеген материалдан эксклюзив бас киім жасайтын «Элегант» шляпалар салоны жұмыс істеп тұр. Ондағы дизайнерлер мен конструкторлар қазіргі сән трендімен ерекше үлгілер жасайды. Әр модель сатылымға шығар алдында бір сабақ жібіне дейін жетілдіріледі.

Талғампаз жандардың таңдауы түсетін бұл бас киімдердің бірегей және қайталанбайтын стилі кез келген жастағы әйелге ұнайды.

«Салон Эксклюзивных шляп Elegant» ЖШС 1999 жылы құрылған. Оған дейін компания жұмыскерлерінің ұжымы Алматы бас киім фабрикасының өндірістік цехында еңбек еткен. Қазақстандағы бас киімдер сән индустриясының негізін қалаушы «Салон Эксклюзивных шляп Elegant» модельдеу саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді жасайды және Қазақтың ұлттық дәстүрінен де тыс емес.

«Даму» қорының мемлекеттік қолдауының, атап айтқанда, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мен кепілдік беруі аясында кәсіпорын өнім түрін көбейтті. Сондай-ақ өндіріс көлемі, бюджетке салық түсімдері артып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Алматы қаласы, Жетысу ауданы, Федоров к-сі,21

Сайт:@ salonelegant.kz

Байланыс: +7707 226 17 18