info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Бизнесін дамытып, жерлестерін жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер

Жаңалықтар
28.07.2023

Азамат Кобдиков 2008 жылы нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіретін цех ашқан. Қызылорда қаласында осы кәсібін дамып, халықтың көңілінен шығып келеді. Соңғы уақытта нан мен кондитерлік өнімдерге деген сұраныстың артуына байланысты кәсіпкер жаңа цех салуды ұйғарды.

Цех құрылысын 2022 жылы өз қаражатымен бастады. Дегенмен, құрал-жабдықтар сатып алу және айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда компания мемлекеттік қолдауды пайдалануды ұйғарды. Нәтижесінде «Қазақстан Халық банкінен» алған несиесін «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында субсидиялап, Қордың кепілдігін алды.

Осылайша, «Даму» Қорының қолдауымен жеңіл қаржы тартудың арқасында Қызылорда қаласындағы ірі наубайханалардың бірі ашылды. Мұнда күн сайын 20000 бөлке нан пісіріледі, наннан басқа кондитерлік өнімдер де шығарылады. Нан пісіруге арналған замануи жабдық орнатылған. Кәсіпкер тұрғындарды дәмді нанмен және нан өнімдерімен ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, жерлестерін тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазір мұнда 70 адам еңбек етеді.

«Зауытта тәулігіне 10 тонна нан пісіріледі. Наубайхана қызметкерлерінің барлығы өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар. Қазір олар екі ауысыммен жұмыс істейді. Өнімдер күн сайын Қызылорда қаласының әлеуметтік дүкендеріне және бізбен келісім-шартқа отырған кәсіпкерлерге жеткізіледі», - дейді зауыт технологы Фарида Саменова.

Қызылорда, Саяхат м.а., Тәттімбет Бұлғақұлы көшесі,2А.

+7 77760153434