info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сапалы өнім – басты қағида

Жаңалықтар
28.07.2023

«SHEGEN» сауда үйі» ЖШС 2007 жылы құрылып, шағын фирмадан ірі компанияға айналған кәсіпорын. Ол Қазақстан нарығында ғана емес, шекарадан тыс жерлерде де танымал. Қазір кәсіпорында 260-тан астам адам жұмыс істейді. Кез келген күрделі жиһазды шығарады.

Маркетинг және логистика бөлімінің, импорт-экспорт бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімнің және ақпараттық технологиялар бөлімінің жақсы үйлестірілген жұмысы тапсырыс берушілерге жоба бойынша дер кезінде ақпарат береді. Жабдықтарды монтаждау, орнату және жөндеу жұмыстарын да жоғары деңгейдегі мамандар жүзеге асырады.

Кәсіби көзқарас пен ұсынылатын қызметтердің сапасын ұзақ мерзімді қарым-қатынастар және үнемі артып келе жатқан жаңа серіктестер санынан байқауға болады. Компанияның стратегиясы – жергілікті нарықтың динамикасынан тыс қалмау және тауардың сапасы мен жеткізу мерзімін ескере отырып, тұтынушы сұранысынан алда болу.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2023 жылы «ForteBank» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,75%-бен қаражат алды, оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

Компанияның Германия, Қытай, Израиль, Түркия, АҚШ, Корея, Тайвань және т.б. елдермен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ТМД елдерінің компанияларымен тығыз серіктестік орнаған.

Мекенжайы: Шымкент қ., Сайрам т/а, Темір көшесі, 5/3 үй

Телефон: + 7 /7252/ 92-10-25

Пошта: 686868@shegen.kz