info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Құрылыс материалдары әлемі» ЖШС – сенімді серіктес

Жаңалықтар
31.07.2023

Сатымбеков Мұхамедияр Маманұлы – құрылыс саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар маман, «Мир строительных материалов» ЖШС директоры. Петропавл қаласында тұрғын үй кешендері құрылысы бойынша бас мердігер ретінде көптеген жұмыстармен айналысқан. Компания пластиктен бекіткіштер, әртүрлі үлгідегі және өлшемдегі шыбықтар, әртүрлі көлемдегі шегелер шығарады. Жобаның мақсаты – әртүрлі үй-жайлар мен ғимараттардың сырт жағын жылу шығармайтын етіп қаптайтын материалдар ұсыну арқылы энергия тиімділігін арттыру.

Осындай сұранысқа ие өнімді шығару үшін кәсіпорын «Даму» қорының субсидиясы мен кепілдігін пайдалана отырып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан жеңіл несие алды. Қаражат бекіткіштер мен шеге шығаратын Yizumi жабдығын сатып алуға жұмсалды.

«Құрылыс саласы – Қазақстан экономикасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі және инвесторлар үшін ең тартымды салаға жатады»,- деп есептейді Сатымбеков Мухамедияр Маманұлы.

Астана қаласы, Бесшатыр көшесі, 9-ғимарат.

+7 700 888 20 20