info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өскеменде кітап дүкені мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
31.07.2023

«Магазин Книги» ЖШС балалар, киім, аяқ киім, жаңа туған нәрестелерге арналған тауарлар, кітап, ойыншықтар мен кеңсе тауарларын сататын арнайы дүкен жұмысын жолға қойған. Халыққа барынша ыңғайлы қызмет көрсету мақсатында компания интернет-дүкен мен call-орталық жұмысын да жүргізіп отыр. Онда сату бөлімі мен жеткізу қызметі жұмыс істеп тұр. Тауар ақысы төленген соң келесі күні жеткізіледі. Клиенттерді ынталандыру үшін бонус карта жүйесі бар. Онда сатып алған тауар құнының 5%-на дейін бонус жиналады. Компанияның қалада 6 дүкені бар.

Компания айналым қаражатын толықтыру үшін «Forte bank»-тен 14,5%-дық несиені 36 айға алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында оның субсидияланатын бөлігі 8,5%-ды құрады. Кәсіпкер 6% сыйақы мөлшерлемесін төлейді. Сондай-ақ, жетпеген сомаға кепіл «Даму» Қоры кепілдік берді.

Компанияның 80-85% түсімін бөлшек сауда беріп отыр. Көтерме сатып алушылар қатарында коммерциялық және мемлекеттік ірі кәсіпорындар бар. Атап айтқанда: «Қазмырыш» ЖШС, «AES Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Оптовый клуб» ЖШС, Шүлбі ГЭС, мектептер мен балабақшалар және т.б.

Тауарлар Қазақстан мен Ресейден сатып алынады. Жеткізушілер ішінде: «Майорал» ЖШС, «Алтан» ЖШҚ, «Сильверхоф» ЖШҚ, «ОФИС-ПРЕМЬЕР ЖШҚ, «Опт-Юнион» ЖШҚ, «Сакс ойыншықтар» ЖШС, «ТЕНГИЗ КЕҢСЕ ТОРГ» ЖШС, «Эксмо Алматы» және басқалары. Келісім-шарттар, әдетте әр тауарды жеткізуге немесе негіздемелік келісім-шарт жоқ белгілі бір шарт сомасына жасалады.

+7 701 541 44 71

ШҚО, Өскемен қ., Әуезов к-сі, 35/1.