info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сапаға кепілдік

Жаңалықтар
01.08.2023

«Ақ-Су Корпорациясы» ЖШС тапсырыс берушінің сызбасы бойынша кез келген күрделі металл бұйымдар мен конструкция, профильдер мен пішіндегі металл парақтар өндірумен айналысатын корпорация.

1999 жылы негізі қаланған және 20 жылдан астам жемісті еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын өз саласында үлкен жетістікке жетті. Қазір Қазақстан нарығында профиль, жабындарын – қара, мырышталған және полимер қабатпен ұсынады. Профиль өндірісі жоғары сапалы мырышталған болаттан суықтай илектеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл – коррозияға төзімді берік материал. Сонымен қатар, профиль түсін әр алуан етіп, заманауи дизайнда жасау да қарастырылған. Өндіріс жыл сайын жетіліп, модификациялануда.

Шатыр жабатын материал шығаратын мамандардың көп жылғы бақылауы Қазақстанның бірде аяз қысып, бірде еріп, ал жазда ысып кететін ауа-райында трапеция пішінді қаңылтырдан жасалған металл шатыр – ең сенімдісі екенін анықтады.

Компанияның делдалсыз, кез келген күрделі жұмыстарды орындауға қолайлы өз шеберханасы бар. Жеке меншіктегі арнайы техникалар мен жабдықтар оның бағасын тұтынушы қалтасы көтеретіндей әрі жоғары сапалы етіп жасауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын 2022 жылы «Банк ЦентрКредиттен» айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,75%-бен несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында оның 16,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды. 

Компания мамандары әрбір клиентке жеке назар аударып, қалауын орындайды. Түс, дизайн таңдауға көмектеседі және тапсырыс берушіге қажет материалды дәл таңдайды.

Шымкент қ., Бәйдібек би көш., 3/1

+ 7 771 145 09 09, +7 701 245 09 09