info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Сүйріктей нәзік, болаттай шымыр бол!»

Жаңалықтар
02.08.2023

Көркем гимнастика – әсемдік, икемділік пен техниканы біріктіретін ерекше спорт түрі. Бұл спортта гимнасттар әртүрлі ырғақты және музыкалық шығармалармен жұмыс істеу арқылы өз күшін, икемділігін, қимыл үйлесімдігі мен хореографиялық дағдыларын паш етеді.

Көркем гимнастика тек икемділік, төзімділік, ептілікті дамытып қана қоймай, денсаулықты нығайтады, сонымен қатар өр мінез бен тәртіптің қалыптасуына көмектеседі.

2021 жылы Бекенова Жанаргүл Әбенқызы «NMS INVEST» ЖШС басшысы ретінде тіркеліп, өз бизнесін спорт клуб, атап айтқанда көркем гимнастика мектебінен бастауға шешім қабылдады.

Көркем гимнастика мектебін ашуға инвестиция қажет еді. Кәсіпкер «Bereke Bank»-тен 60 айға 230 000 000 теңге несиені 14,75%-бен алды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер төлейтін сыйақы мөлшерлемесі 6%-ды құрады, оның 8,75%-ын мемлекет субсидиялайды.

Қаражатты кәсіпкер Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағынауданы, 86 мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 1278,3 ш.м. коммерциялық нысанды сатып алуға жұмсалды.

Мектеп 1000 балаға есептелген. Би және көркем гимнастика секцияларында 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалар шұғылданады. Гимнасттар аймақтық және халықаралық жарыстарда аймақтың мүддесін қорғайды, еліміздің болашақ олимпиадалық резерві қалыптасуда.

Ақтау қ. 3 шағынаудан, 86 ғимарат

+7 702 066 70 07