info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Профхим» ЖШС өндірістік компаниясы мемлекеттік қолдауға ие болды

Жаңалықтар
02.08.2023

Қазақстанда кәсіби жуғыш заттар нарығы қарқынды дамуда. Тұрмыстық химикаттар өміріміздің ажырамас бөлігі. Оның алуан түрі бар. Қазір автомобиль және өнеркәсіптік химия өндірісі де артып келеді. Жуғыш заттарға деген зор сұраныс жаңа өндірістік компаниялардың пайда болуына түрткі болады. Солардың бірі – «Профхим» ЖШС. Отандық өндіріс тазалау және жеке гигиена заттарын шығарады. Компанияның барлық өнімдері ГОСТ стандарттары мен талаптарына сәйкес, тұрмыстық химикаттардың сапасы мен қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Әр құрал мұқият тексеруден өтеді.

«ПрофХим» ЖШС 2015 жылдан бері өз саласында табысты жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстандағы тұрмыстық химияның негізгі өндірушілерінің біріне айналды. Әлемдегі ең үздік шикізат жеткізушілерімен тығыз ынтымақтастықта. Эконом серияны да, элит өнімдерді де әзірлейді. Жеке тапсырыс бойынша кез келген тұрмыстық химия өнімдерін шығаруға дайын.

«Даму» қорының мемлекеттік қолдауының, атап айтқанда, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мен кепілддендіру аясында кәсіпорын өнім түрін көбейтті. Сондай-ақ өндіріс көлемі, бюджетке салық түсімдері артып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай к-сі, 284б

Сайт: office@profhim.kz

Байланыс: +7 705 555 53 20