info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Қызылордада жасалған»: ағаш және металл есіктер шығаратын цехы

Жаңалықтар
03.08.2023

Даулет Примжанов кәсібін 2008 жылы бастаған. Ол ұзақ жылдар бойы кіреберіс және ішкі есіктерді сатумен айналысты. Соңғы кездері сол есіктерді өзі шығарып, шығарған өнімін сатумен айналысуда.

Жабдықтарды сатып алу және айналым қаражатын толықтыру үшін кәсіпорын мемлекеттік қолдауды, яғни «Даму» қорының субсидиялары мен кепілдіктерін пайдалана отырып, «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «ForteBank» АҚ-нан жеңіл несие алды.

«Өндіріс цехы 2021 жылы іске қосылды, өнімімізге сұраныс мол, тұрақты тұтынушылар көбейді. Заманауи құрал-жабдықта орнатылған цехтың өнімі сапалы, әрі бағасы қолжетімді. Ендігі менің мақсатым – кәсіпорынның аумағын ұлғайтып, өнім түрлерін көбейту», – дейді Даулет Примжанов.

Цехта кәсіпкер тұрақты түрде 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын тәулігіне 20-30 дана есік шығарады. Отандық өнім елімізде қашанда жоғары сұранысқа ие. Сондықтан жергілікті кәсіпкерлер халықтың сұранысын қанағаттандыратын болса, сырттан келетін өнімге деген қажеттілік азаяды.

+7 701 203 33 00

Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, н / ж.