info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«АгроСтрой» – ауылшаруашылығына арналған отандық техника

Жаңалықтар
16.08.2023

Көкшетаулық компания 8 жылдан астам уақыттан бері топырақ өңдеуге және шөп дайындауға арналған ауылшаруашылық агрегаттарын шығарып келе жатыр. «АгроСтрой» ЖШС өнім ассортиментінде ені 24 метрге дейін жететін, бір және екі қатарлы тырма, соқа, топырақ аударатын диск түріндегі агрегаттар бар. 

«АгроСтрой» кәсіпорнын 2011 жылы жеке кәсіпкер Лидия Швецова жұбайымен бірге жүк тасымалдау бизнесі үшін ашқан. 2014 жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектер сата бастады. Ал 2015 жылдан бастап өндіріске бет бұрып, топырақ өңдеп, пішен дайындауға арналған ауыл шаруашылығы құралдарын өздері шығарып жатыр. Қондырғылардың алғашқы үлгілеріне бірден сұраныс артты. Сол себепті 2019 жылға қарай компания өнім түрлерін көбейтті. Ауыл шаруашылығына қажет техниканы сапалы шығаратын отандық өндіруші ретінде танылған компания өнімдеріне тапсырыс көбейген сайын жабдық сатып алу қажеттігі сезілді.

2022 жылы желтоқсанда «АгроСтрой» ЖШС осы мақсатта «Банк ЦентрКредиттен» жылына 21,75%-бен несие алды. «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несие сомасының 50%-ына кепілдік берді және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, несие жүгін азайтты. 

Қаражатқа кәсіпорын өндіріске қажет станоктар сатып алды. Бұған дейін, 2020 жылы кәсіпорын «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында металды плазмамен кесу машинасын сатып алуға, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға жеңіл несие алған. Соның арқасында кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтты және өнімнің өзіндік құнын төмендете алды. Болашақта компания ауылшаруашылығы саласы үшін энергия үнемдейтін жоғары өнімді құралдар өндірісін дамытуды жоспарлап отыр.

Көкшетау қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 183Е

+7(7162) 72 16 21; +7 777 874 5551

e-mail: agroa2000@mail.ru

сайт: agrostroi03.kz

инста @agrostroi_