info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Семей қаласындағы «Dental Kids» балалар стоматологиясы

Жаңалықтар
04.08.2023

Семей медициналық академиясын бітірген, тіс дәрігері ретінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар Севил Гамзаеваның ең басты арманы – деңгейі жоғары, емделушілерге қолайлы жағдай жасалған, барлық заманауи стандарттарға сай емхана ашу еді. 

Dental Kids – Семей қаласындағы балаларға арналған арнайы, жалғыз инновациялық клиника. Бұл жерде сәбилер дәрігерден қорықпайды, керісінше қызықты оқиғалардың ішіне кіріп кетеді. Балалар мен ата-аналарды кіре берістен-ақ әйгілі мультипликациялық кейіпкерлер қарсы алады. Ал ем аяқталған кезде барлығы сыйлық алып қайтады. Денсаулыққа қауіпсіз көңілді газ пайдаланылады. Анестезияның бұл тәсілі фобиясы барларға таптырмас көмек. Мұнда гигиенист, терапевт, ортодонт, эндодонт, хирург жұмыс істейді. Клиниканың басты қағидаларының бірі – мұнтаздай тазалық. Айналадағы элементтер touch free қағидаты бойынша жұмыс істейді. Клиника мамандары көңілді ойын форматында тісті дұрыс тазалауды үйретеді. Ата-аналар үшін клиника заманауи air flow жүйесі бар тісті гигиеналық тазалау қызметін ұсынады.

Кәсіпкер клиникаға заманауи жабдық алу үшін Қордың Абай облысы бойынша өңірлік филиалына жүгінді. Онда оған менеджер толық кеңес беріп, жобаны толық сүйемел көмек көрсетті. «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 21,75%-бен алғаннесиенің 8%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ кепілдік жетіспейтін бөлігіне Қор кепіл болды.

Бүгінгі таңда клиника заманауи стандарттар бойынша жабдықталған. Көптеген ересек клиникаларда бола бермейтін дентал микроскоптар, рентген жүйелері мен intraoral камералар бар. 

+7 777 503 70 70

Абай облысы, Семей қаласы, Шәкірім даңғылы 42а

Инстаграм: @dentalkids_semey