info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Балаларға білім беру орталығы – болашаққа бағдар

Жаңалықтар
07.08.2023

Павлодар қаласында мектепке дейін сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған білім беру орталығы бар. Оның негізін Қарлығаш Мұхтарова қалаған.

Қарлығаш Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетін қаржы-экономика бойынша бітірген. Үш баласы, арманын жүзеге асыру жолында үнемі қолдау көрсететін сүйікті жары бар.

Білім беру орталығын ашу идеясы оған үлкен қызы мектепке барар кезде келді. Баланы түрлі секцияларға (би, шахмат, мектепке дайындық, шет тілі) әр жаққа тасу аса ыңғайлы емес еді. Әсіресе баласымен бірге қаланың әр бұрышына барып жүретін ата-аналарға қолайсыз. Дайын ғимаратты сатып алмай, білім беру орталығының құрылысын бастағысы келді.

Осы ойын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредитке» жүгініп, 19%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпкер қарызын алты пайызбен төлейді. Айырмасын мемлекет субсидиялайды. «Даму» Қоры кепілдік ұсынды.

Білім беру орталығы екі қабаттан тұрады. Ондағы қызмет ойын-сауық, ынталандыру, коммуникатив, ақпараттық-әдістемелік оқыту мен дене шынықтыру-сауықтыруды қамтиды. 4 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Кекушинкай каратэ, би, мектепке дайындық, ағылшын, қазақ тілі және бейнелеу өнері, каллиграфия, жылдам оқу, математика, әліппе, менталдық арифметика, шахмат, робототехника, логопед сабақтары бар.

Болашақта ауқымды кеңейтіп, қажет болған жағдайда қала мен облыстан тыс жерлерге шығу, франчайзинг құруды жоспарлап отырмыз. Бизне табысты болу үшін кәсіби мамандар тарту және білім сапасының деңгейін түсірмеу, даму, армандау, мақсатқа жету және ол үшін алға дұрыс міндеттер қою және оны орындау», - дейді Қарлығаш Мұхтарова.

Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 18Б

+7 707 719 2555