info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Заманға сай баспахана

Жаңалықтар
08.08.2023

«Полиграфсервис» баспаханасы отандық нарықта 1996 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.

Бұл – заманауи толық офсеттік циклды баспа өндірісі. Құрамына кәсіби дизайнерлер мен басылымды басып шығаруға дейінгі, баспа цехы және баспадан шығарудан кейінгі өңдеу цехы, гофро өндірісі, қағаз шыныаяқтар өндірісі кіреді. Барлық кезеңде сапаға, түстердің дұрыс болып шығуына, дәл кесілуіне, дайын өнімде ақаулардың болмауына қатаң бақылау жүреді. Бұған дейін компания «Даму» Қорының қолдауымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қағаз ыдыс-аяқтар өндіру желісін сатып алса, «БЖК 2020» бағдарламасы арқылы басып шығаруға арналған офсеттік жабдық сатып алды.

Қазір де айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына жүгінді. «Қазақстан Халық Банкінен» 18,5%-бен алған несиенің 6%-ын ғана кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Баспахананың автоматты өндірісі тапсырыстарды қысқа мерзімде орындауға мүмкіндік береді. Компания ай сайын 1000-нан астам тапсырыс орындайды. Өнімнің жоғары сапасы мен нарықты тұрақты мониторинг жасап отыру арқасында «Полиграфсервис» компаниясы өз саласының көшбасшысы болып келеді.

ҚР, БҚО, Орал қаласы, Лев Толстой к-сі 27/6

Тел.: 8 (7112) 505-146

Сайт: polygraphservis.kz