info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Талдықорған қаласында «Мәртебе» медициналық орталығы мемлекеттік қолдаудың арқасында кеңеюде

Жаңалықтар
10.08.2023

Денсаулық сақтау және медицина саласын қолдау Қазақстан үшін әрқашан басымдық берілген салаларға кіреді.

Жетісу облысында Сейтқазина Әлия Әлмұхамбетқызы ашқан «Мәртебе» медицина орталығы – облыстағы сұранысқа ие орталықтардың бірі. 2019 жылдан бастап ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсетіп келеді. Онда әртүрлі профильдегі 29-дан астам жоғары білікті маман жұмыс істейді.

Мұнда толық зертхана-клиникалық тексеруден өтіп, ағзаның кез келген мүшесін ультрадыбыспен диагностикалап, ЭКГ, видеокольпоскопия жасауға болады, физио ем кабинеті де жұмыс істейді.

Медициналық орталықты кеңейту үшін кәсіпкер мемлекеттен қолдау алмақ болып «Даму» Қорына жүгінді. Соның арқасында компания субсидия және кепілдік құралдарын пайдалана отырып «2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жеңіл несие алды. Қаражат медициналық орталыққа қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізуге жұмсалады.

Қазір жер телімінде құрылыс басталды. Болашақта жертөлесі бар 3 қабатты ғимарат бой көтереді.

Instagram: @martebe_clinic

Телефон: +7 7282 30 18 18

Мекен-жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ш /а Мүшелтой ы/а. 8/2