info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Заманауи қондырғылармен жабдықталған дәнекерлеу цехы

Жаңалықтар
10.08.2023

Жеке кәсіпкер Айбархан Тойманов 2015 жылдан бері бизнеспен айналысып келеді. Осы уақыт арасында ол тұрақты және табысты кәсіптің негізін қалауға қол жеткізді. Кәсіпкердің металл бұйымдарын жасайтын өз өндірістік цехы бар.

Тауарларының ассортиментін кеңейту, сондай-ақ нарықта бәсекелестерден артықшылыққа ие болу мақсатында кәсіпорын мемлекеттік қолдауды пайдаланды. Атап айтқанда, «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» бағдарламасы бойынша субсидия құралын пайдалана отырып «Қазақстан Халық Банкінен» жеңіл несие алды. Қаражат металл кесетін талшықты-оптикалы лазер станок сатып алуға жұмсалды.

Кәсіпорынның облыс тұрғындары үшін сан алуан тауар шығаруға мүмкіндігі бар, мысалы стандартқа келмейтін металл профильді есіктер, тент, қалқа, торлы дәнекерленген қоршаулар және т.б. Қазір цехта 15 адам жұмыс істейді. Өнімге сұраныс күн санап артып келеді, тек жеке адамдар ғана емес, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар да тапсырыс береді

Дәнекерлеу цехының бір артықшылығы – заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған болса, екінші ерекшелігі – нарықтағы төмен бағадағы өнімдері. Кәсіпкердің айтуынша, ол тауар бағасын халыққа қолжетімді етуге тырысады.

- «Мамандығым бойынша дәнекерлеушімін. Осы салада 10 жылдан астам жұмыс істеп келемін. Металды лазермен кесуді қолдану металл өңдеудің ең жоғары технологиялы және заманауи әдісі деп атауға болады. Қазір металл бұйымдарына сұраныс өте жоғары. Көптеген тұтынушылар сәнді металл қақпаларға, өрнектелген әткеншектерге тапсырыс береді. Айына 20-25 қақпаға дейін шығарамыз», - дейді Айбархан Тойманов.

Адрес: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Ш.Есенов к-сі, 1А.

Инстаграмм: @kyzylorda.vorota