info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өскемендік компания мемлекеттің қолдауымен жабдықтарын түгендеп алды

Жаңалықтар
11.08.2023

«ШОУ» ЖШС 2000 жылдың басында құрылды. Жалғыз құрылтайшысы және басшысы – Алыпсой Нүреттин. Негізгі қызмет – қоғамдық тамақтану қызметтері мен торт пісіру өндірісі. Қазір Өскемен қаласында кәсіпкер ашқан 3 бірдей «Ескендір» дәмханасы жұмыс істеп тұр. Еуропа дизайнындағы отбасылық клубта түрік тағамдары бизнес-түскі ас, салат, фаст-фуд, пицца, негізгі тағамдар мен десерттер түрінде ұсынылған. Сондай-ақ, тапсырыстар да қабылдайды.

Компания жабдықтар сатып алу қажет болғанда «Қазақстан Халық Банкінен» 60 айға 14,25%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлеменің 8,25%-ын мемлекет субсидиялайды. Кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесін тек 6%-бен төлейді. Сондай-ақ, жетіспеген кепіл сомасына «Даму» Қоры өз кепілдігін берді.

Қазір компанияда торт өндіруге қажетті арнайы жабдықтар толық (пісіру шкафы, қамыр илегіштер, араластырғыштар, пештер, мұздатқыштар, тоңазытқыштар, кондитерлік саптамалар, блендер, қалыптар). Кондитерлік өнімдер Өскемен қаласында кең таралған, «Milano cakes» сауда белгісімен сатылады. Компания торт өндірісінде «шок мұздату» әдісін қолданады. Бұл – өнімнің химиялық құрамы мен құрылымын өзгертпестен сақтаудың жалғыз әдісі, әрі экологиялық таза технология саналады. Соның арқасында сақтау мерзімін 6 айға ұзартуға мүмкіндік бар әрі дәмі мен түрі еш өзгермейді.

+7 701 454 60 00

ШҚО, Өскемен қ., Крылов к-сі, 77 үй, 62 пәтер.