info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» қоры медициналық жиһаз шығаратын кәсіпорынға қолдау көрсетті

Жаңалықтар
14.08.2023

«Medcomfort» ЖШС 2016 жылы құрылған. Негізгі қызметі – медициналық жиһаз өндірісі. Атап айтқанда: медициналық функционалды кереуеттер, гинекологиялық креслолар мен операция үстелдері, бактерицидтік сәулелендіргіштер, сондай-ақ медициналық жабдықтар жасап, сатумен айналысады.

Жоғары сапалы өнімдер, келісілген мерзімнен кешікпей жасап беру және тұтынушылардың сұранысына сай өнім беру – компанияның бүкіл ел бойынша тұрақты тұтынушылары көбеюіне мүмкіндік берді.

«Medcomfort» ЖШС өз өнімдерін сату кезінде ең алдымен нарық сұранысына назар аударады. Сондықтан барлық өнімдер жоғары сапалы және қолжетімді. Өндіріс процесінде тек заманауи машиналар мен сенімді және берік материалдар қолданылады. Сонымен қатар компания үнемі жаңа технологияларды енгізуде.

Қазір компания өз тұтынушыларына эконом-класс медицина жиһазын да, бірқатар қосымша функциялары мен мүмкіндіктері бар емделушілерге ыңғайлы жиһазды да ұсына алады.

Кәсіпорын 2022 жылы « Forte Bank» АҚ.нан айналым қаражатын толықтыруға жылына 19%-бен қаражат алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында оның 13%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

Дайын өнімнің кең бағасы мен функционалды ассортименті әрбір сатып алушыға оның қажеттіліктері мен қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін үлгілерді таңдауға мүмкіндік береді.

Мекенжайы: Шымкент қ., Шұғыла ш/ауд., 9.

Пошта: sales@medcomfort.kz

Телефон: +7 707 545 00 51, +7/7252/45-00-51