info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Достық – Ақтау» 5 жұлдызды қонақүйдің сән-салтанатын сезініңіз

Жаңалықтар
15.08.2023

2006 жылы құрылған «Түпқараған-қаржы» ЖШС бизнесте халықаралық ауқымға жету үшін ұзақ жолдан өткен. Соған қарамастан олар үшін басты орында клиенттері тұрады. Компанияға тиесілі «Достық» қонақ үйі – Ақтау қаласының орталығында және қаланың ең жақсы аудандарының бірінде орналасқан, абсолютті жайлы, мінсіз шеберлікпен жабдықталған эксклюзив, жақсы безендірілген 70 бөлмесі бар жоғары деңгейлі қонақ үй. Іссапар болсын, демалыс болсын, әр келушіге «Достық» қонақ үйінде тұру ұмытылмас әсер сыйлайды. Әрбір жеке бөлме жоғары талғаммен безендірілген. Сырттан кіргенде бірден сергітіп, жанды рахатқа бөлеп, үйдегідей жайлы демалуға барлық жағдай жасалған.

70 бөлменің ішінде 42 стандарт, 23 люкс, 5 король люксі бар. Бөлмелер мамық төсек, жоғары жылдамдығы бар интернет, көп арналы теледидар, шағын тоңазытқыш, есіктің электрондық карталары, түтін детекторы, сейфпен жабдықталған. Кір жуу және бөлмені реттеп тұру қызметі бар.

Қонақ үйді іске қосу үшін «Түпқараған-қаржы» ЖШС «ForteBank»-тен 78 ай мерзімге 18,5%-бен несие алған. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесін 6%-бен төлейді, ал қалған 12,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. 

«Достық» қонақ үйі келушілердің барлық қажеттіліктерін бірінші орынға қояды және өз клиенттердің өзін жайлы, қауіпсіз сезінуіне барлық жағдай жасайды.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 8 ш/а, 3/1 корпус

+7 701 918 91 61, +7 (7292) 77 50 00

Инстаграмм: @dostykhotelaktau

Сайт: www.aktau.dostykhotel.com