info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіретін алматылық компания мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
15.08.2023

«Aлмерек» ЖШС фармацевтикалық компаниясы Қазақстан нарығында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Бастапқыда медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудалаумен айналысты. 2011 жылға дейін «Алмерек» ЖШС ресейлік ірі дәрі-дәрмек өндірушілердің ресми өкілі ретінде Қазақстанның фармацевтика нарығына өнім жеткізіп келген.

Осы саланың бар қыр-сырын меңгеріп, тәжіибе жинаған соң сататын сол бұйымдарын өздері өндіруге бел буды. Өндіріс желісін жолға қою үшін компания «Даму-Аймақтар III» мемлекеттік бағдарламасы аясында «First Heartland Jusan Bank» АҚ-нан несие алды. Мемлекеттің бағдарламаға қатысудың арқасында компания несие бойынша пайыздық мөлшерлемені 14%-дан 8%-ға дейін төмендетті. Соның арқасында бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын зауыт салынып, іске қосылды.

Компания өнім өткізу үшін бүкіл Қазақстан бойынша 1200-ден астам мемлекеттік медициналық мекемелермен тиімді жұмыс істейді. «Алмерек» ЖШС-нің бірыңғай оператор «СК-Фармация» ЖШС-пен медициналық бұйымдар жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісім-шарты бар.

Өндіріс желісін кеңейту бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға, импортты қысқартуға және ЕАЭО елдеріне экспортт шығаруға мүмкіндік беріп, ішкі нарықты әртараптандыруға жағдай жасады. Жоба аясында бұрыннан бар жұмыс орындары сақталып және қосымша жаңа жұмыс орындары ашылды.

Инстаграм: @almerek_kz

Алматы, Алгабас ш/а., 7-көше, 142/29

+7-(727)-270-87-51