info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Jasbaglan» брендімен киім-кешек, төсек-орын тігу өндірісі

Жаңалықтар
14.08.2023

Соңғы жылдары Қазақстанда сұлулық пен сән индустриясы дамып, қарқын алып келеді. Бүгінгі кейіпкерлеріміз осы саланың болашағы өте зор екеніне сенімді. Дәл қазір адамдар өз стилін жасау туралы ойлана бастады және сыртқы келбетіне көбірек көңіл бөлуде.

Кәсіпкер ретінде Бақытгүл Утебаева 2022 жылы тіркелген. Қазір «Jasbaglan» брендімен әр түрлі киімдерін, шапан, кажекей сияқты ұлттық стильде киім тігіп, төсек-орын (қыз жасауы, қалыңдық жабдықтары), жасау, жабдық шығарады. Тұрақты клиенттері көп. Кәсіп жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтар бар. Штатта 5 қызметкер бар, тағы екі дамады жұмысқа алуды жоспарлап отыр. Жаңа туған сәбиден 16 жасқа дейінгі балалар киімін тігу –кәсіпкердің жақында ашқан жаңа бағыты.

Осы ойын жүзеге асыру мақсатында кәсіпкер «Даму» Қорының Ақтөбе филиалынан қолдау сұрады. Айналым қаражатын толықтыру және құрал-жабдық сатып алу жобасын «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредит» қолдады.

Жыл сайын осы аталған өнімдерге сұраныс артып келеді. Сол себепті Бақытгүл Утебаева ұлттық стильдегі эксклюзив киімді қолмен тігіп, бір данадан шығарады. Бүгінгі таңда «Jasbaglan» тігін цехының шеберлері өз клиенттерінің арман-тілегін сүйіспеншілікпен орындайды. Бақытгүл отандық өндірушілердің «ULTTYQ ONIM» республикалық көрмесіне екі рет қатысты.

Ақтөбе қаласы, Ерназаров көшесі, 47, «Достан» СҮ

+7 (777) 120 0857

Пошта: baglan.utebay@gmail.com

Instagram: @korpe_bakytgul_aktobe; @jasbaglan