info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Бізді үздіктер таңдайды

Жаңалықтар
17.08.2023

Нұрғазинов Руслан Төлеубайұлы бизнесін бірнеше бағыт бойынша дамытып келе жатыр. 2011 жылдан бастап өз цехында жартылай фабрикаттар шығаратын. Етпен, етсіз жасалатын түшпаралар, котлеттер «Пельменный двор» сауда белгісімен сатылады. Сонымен қатар, 14 адамды жұмыспен қамтып отырған нан-тоқаш өнімдерін шығаратын наубайхана бизнесі де сәтті жүріп келеді. Бұнымен қатар кәсіпкер «Ай-Рус» азық-түлік дүкенін ашқан.

2021 жылы кәсіпкер «ZODIAK» моншасын сатып алып, оны одан әрі жаңа корпустар, бассейн салу арқылы кеңейтті. Қазір монша кешенінің қызметтеріне сұраныс жоғары.

2021 жылдың соңында осы монша маңындағы учаскеде екі деңгейлі коттедж сатылды. Руслан Төлеубайұлы қонақ үй ашу үшін оны сатып алуға шешім қабылдайды. Формат пен концепцияны анықтағаннан кейін бизнес-жоспарды егжей-тегжейлі әзірлеуге көшті.

Әрі қарай жылжымайтын мүлікті сатып алу және қонақ үйді жөндеу мен жабдықтау үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 14,5%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмашылықты «Даму» Қоры субсидиялайды.

«ARION» қонақ үйінің орналасқан жері өте ыңғайлы. Саябақтар, дүкендер мен дәмханалар жақын. Әрқашан таза, жайлы және барынша жабдықталған нөмірлер бар. Күзеті бар тұрақ пен бейнебақылау жүйесі бар.

+7 747 555 58 68

Абай облысы, Семей қ., Б.Момышұлы көш.45

Инстаграм: @arion.hotel.semey