info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Үйдің ішін жиһазбен өзгертіңіз

Жаңалықтар
18.08.2023

«Magnet Mebel» ЖК – жұмсақ жиһаз жасайтын павлодарлық компания.

Нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді және цехта көп адам жұмыспен қамтылған. Жиһаз фабрикасының жоспарында қазақстандық брендті қалыптастырып, насихаттау бар. Сонымен қатар, өнімнің сапасын арттыру, ассортиментті кеңейту және басқа да жоғары деңгейлі компанияларға ілесе отырып, жаңа технологияларды енгізу көзделген.

Жұмсақ жиһаз бүкіл жиһаз нарығының шамамен 15% құрайды. Сол себепті бұл өндіріс өнімдеріне сұраныс жоғары. «Magnet Mebel» компаниясы клиенттеріне ыңғайлы және берік, заманауи стиль мен дизайндағы жиһаз ұсынады. Жиһаз өндірісінде сапалы материалдар мен жабдықтар пайдаланылады. Тапсырыс шамамен 7-10 күнге созылады.

Жиһазына сұраныс артқан соң компания бизнесті кеңейту мақсатында «Банк Центр Кредиттен» несие алып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды. Қаржы айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды.

2023 жылы компания Алматы қаласында өтетін «Ulttyq ÓNIM» көрмесіне қатысты.

«Біз жиһаз жасау барысында жанымызды салып жұмыс істеп, жүрегіміздің бір бөлігін өндіріске береміз. Егер адам өз ісін жақсы көретін болса, жұмысының нәтижесінде әрдайым көрініп тұрады»,-дейді «Magnet Mebel» ЖК директоры Дарья Бажаева.

+7 778 584 98 22

Инстаграм: @magnet_mebel.kz