info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жамбыл облысында «В.П. Шелуханов» ЖК Қордың қолдауымен жүк көлігін сатып алды

Жаңалықтар
21.08.2023

Жеке кәсіпкер Шелуханов Валерий Петрович 2022 жылдан бері жүк тасымалдаумен айналысады.

Тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған арнайы жартылай рефрижератор тіркемесі бар өз машинасымен: Тараз-Алматы-Астана - Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан бағытында қызмет көрсетеді.

Бұл бизнесте бәсекелестер өте көп. Кәсіпкердің жүк тасымалы саласында 2 жылдан астам тәжірибесі бар. Өзі де бұрын жалдамалы жүргізуші болып жұмыс істеген және қазір тұрақты клиенттері жеткілікті.

Тапсырыстар della.kz сайты және watsap топтары арқылы қабылданады.

2023 жылы кәсіпкер жүк тасымалдау қызметіне қажет жүк көлігін сатып алуды жоспарлады. Осы оймен Валерии Шелуханов мемлекеттің кәсіпкерлерге қолдау көрсететінін біліп, егжей-тегжейлі кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Толық кеңес алып, «Банк Центр Кредиттен» «Даму» Қорының кепілдігімен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.

Осылайша, 2023 жылы қаражат алғаннан кейін ол тоңазытқышты 1 жүк көлігін сатып алып, табыс тауып, 1 жұмыс орнын ашты.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы, Желтоқсан көшесі 39

Телефон: +7 776-665-50-52