info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қолғап шығаратын зауыт қолдау алды

Жаңалықтар
25.09.2023

Қара жұмыс істегенде керек дүниенің бірі – қолғап. Қол терісін кез-келген ластанудан және сыртқы зақымданудан қорғайтын тоқыма трикотаж қолғаптар өте қажет тауар. 

Петропавл қаласында дәл осындай қолғаптарды «Грааль-СК» ЖК 2021 жылдан бері шығарып келеді. Компания 2001 жылы құрылған. Қазір «Грааль-СК» сенімді серіктес және Қазақстан Республикасының түрлі өңірлеріне сапалы қолғаптар жеткізеді. Сонымен қатар қолғаптардың алақанына бедерлі жабын жасайды, тапсырыс беруші компаниялардың логотипін де сала алады. Жұмыс кезінде қолдан сырғып, шешіліп кетпе үшін манжет шеті тығыз жіппен тоқылады (әдетте түрлі-түсті болады). Өндіріс кезінде 70% мақта және 30% полиэфир иірілген жіп қолданылады Полиэфирдің арқасында икемді, берік, тозбайтын қасиетке ие болады, жоғары мақта-қағаз құрамына байланысты гипоаллерген, яғни теріге қауіпсіз болып шығады.

Бизнесін дамыту үшін компания директоры Сергей Анфиногентов «Қазақстан Халық Банкінен» «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға кредит алды. Пайыздық мөлшерлеме жылына 23%-ды құрады, оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын Қор субсидиялайды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында 85% кепілдік берілді.

Байланыс: СҚО, Петропавл қ., Заводская к-сі 24-3

+7 777 283 91 32

https://petroperchi.kz/

Instagram @graal_sk