info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Caspian News телеарнасынан жаңалықтар, сюжеттер

Жаңалықтар
22.08.2023

Бүгін біз Атырау облысында «Caspian News» атты қуатты жекеменшік телеарна ашуға қол жеткізген ғажайып кәсіпкер Қазбек Кертаев туралы әңгімелейміз.

Физика, математика және информатика пәндерін тереңдетіп оқытатын гимназияда білім алған Қазбек Алматы колледжін үздік бітіріп, Қазақ Америка университетін (ҚАУ) «Радиобайланыс, хабар тарату, телевизия» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

«Еңбек жолымды Атырау облыстық телеарнасынан бастадым, бірнеше жыл бас инженер болып қызмет атқардым. Жеке кәсібімді ашу идеясының өзі қосымша студия ашудан басталды. Менің қарамағымда екі радио бөлмесі болды, онда дыбыс жазу, бейне монтаж және жарнама роликтерін түсіру туралы әртүрлі тапсырыстар қабылданды. Содан кейін жеке телеарна ашу идеясы келді»,-дейді кәсіпкер.

Бүгінде салыстырмалы түрде жас арна сналатын «Caspian News» бес жылдан бері тәжірибелі журналистер, операторлар командасымен өзінің жедел де қызықты танымал ақпараттық репортаждарымен, сюжеттерімен, жаңалықтарымен, бағдарламаларымен, эфир форматымен, олардың мазмұны, дизайнымен көрермендерді қуантып келеді. Тынымсыз еңбектің арқасында арна Қазақстан Республикасындағы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік хабар тарату желісінде, «Телеком плюс» («Қазақтелеком») арқылы ID TV-де, «Билайн ТВ» кабельдік желі пакетінде бар, ал кабельдік теледидарда «Алма ТВ» тек Атырау және Маңғыстау облыстарында ғана бар.

Жылжымайтын мүлік сатып алуға өтінімді «Нұрбанк» АҚ 21%-бен мақұлдады. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында мемлекеттің субсидиялайтын бөлігі 15%-ды құрайды, ал кәсіпкер айырмасын төлейді.

Қазір «Caspian News» ЖШС телеарнасы ТМД елдерімен Каспий өңірі туралы жаңалықтармен алмасу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Атырау қаласы, М.Әуезов даңғылы, 23D.

instagram: @Caspian.Life