info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өнімнің жоғары сапасы және заманауи тартымды қаптама

Жаңалықтар
22.08.2023

«Прима Құс» ЖШС 2019 жылы құрылған және қазір Chickodelli сауда белгісімен өнім шығаратын, Қазақстандағы құс етін өндіріп, қайта өңдейтін ірі кешендердің бірі.

2021 жылының мамыр айында компания «Bank RBK» АҚ арқылы несие алып, Алматы облысы Ұйғыр ауданының Қырғыз ауылдық округінде орналасқан «Бақтықурай» жер телімінде «Бройлер етін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тұйық циклдің құс кешені» ірі инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін зауыт салуға салуға кірісті. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қоры несиенің пайызын ішінара субсидиялады.

Құс кешені аумағында құс қоралары, бройлерлерді бордақылау алаңдары, инкубатор, сою және қайта өңдеу цехы, шұжық өнімдерін өндіру цехы, ет қалдықтарын дайындау цехы, құрама азық дайындау кәсіпорны орналасқан. Құс кешені жаңа жоғары технологиялық еуропалық жабдықтармен қамтылған. Жақында кәсіпорын өндірістік қуатын арттыру мақсатында екінші кезекті салуды жоспарлап отыр.

Қазір құс кешені құс етінен жасалған өнімдердің барлық ассортиментін шығарады және оны Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ шет елдерде де өткізеді. Chickodelli өнімін ірі сауда желілерінің дүкен сөрелерінде және еліміздің көптеген танымал сауда орындарында кездестіруге болады.

Кәсіпорынның визит карточкасы франчайзингтік дүкендер, олар өзінің заманауи, стильді және бірегей дизайнымен ерекшеленеді. Онда құс кешені шығаратын шұжықтар, сосискалар, маринададағы жартылай фабрикаттар, ыстықтылар, грильге арналған шұжықтар, фарш және тағы басқа өнімдердің барлық түрі бар.

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғыз а.о, 084 е/о, 113 жер телімі

Тел.: +7 771 771 77 47

Пошта: info@prima-kus.kz

Сайт: www.chickodelli.kz

Инстаграм @chickodelli