info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алматыда «ZAMAN» атты элиталық қазақ мектебі мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
28.08.2023

«Жаңа формациядағы қазақ мектебі – қазақтың байырғы ұстанымдарын әлемдік білім беру талаптарымен және Қазақстан Республикасының қазіргі мемлекеттік білім беру бағдарламаларымен ұштастыратын мектеп. Жаңа формация мектебі – қазақтың ұлттық кодын сақтау және жер бетінде өмір сүрген, бүгінгі күнге дейін өз территориясын сақтап келген ежелгі дала халқының салт-дәстүрін сақтау.

Ежелгі қазақтардың көшпелі тұрмысы, қолөнері, ветеринарлық және мал шаруашылығы және басқа да процестері дала елінің ежелгі және дана рухани заңдарының арқасында балаларды оқытудың өте қажет, халқымыздың бір кездері ұмыт болған тұстары мен 21-ғасырдың заманауи білім беру талаптарына сай және мүлде жаңа форматы жасалды.

Қазақстанға қызмет ететін қазақтілді жастардың жаңа ұрпағын синергетикалық етіп тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушыларын патриоттыққа, Қазақстан тарихын білуге, ұлттық игілікке тәрбиелеуде, қолөнер, спорт, сондай-ақ зияткерлік ойындар және басқа да практикалық және қызықты оқыту әдістері қолданбалы түрде қызмет ететін жаңа формация тұжырымдамасы әзірленді.

Алматыдағы осындай мектептердің бірі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қорының қолдауымен ашылды. «ZAMAN» ЖШС элиталық қазақ мектебі алғаш 03.05.2018 жылы тіркелген. 590 оқушыға арналған математика және ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын бұрынғы ZERDE қазақ мектеп-гимназиясын кеңейту үшін жаңа ғимарат салуға «Bereke Bank» АҚ арқылы несие алынды. Бұрынғы «Дәулет» орта білім беру мектебінің ұстаздары мен оқушыларын қабылдап алған мектепке 13 жылдан астам уақыт болды. Педагогтар ұжымының 90%-ы «ескі мектептен» келген. Жеке білім беру нарығында қызмет еткен жылдар ішінде мектеп қазақ тілінде оқытатын жетекші мектептердің бірі ретінде танылды. Мектепте халық педагогикасының озық дәстүрлеріне негізделген тәрбие жұмысының тиімді жүйесі құрылған.

«ZAMAN» элиталық қазақ мектебі» ЖШС парасатты, толерантты, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, заман талабына сай рухани мәдениеті жоғары, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға мақсатты түрде жағдай жасауда.

Инстаграм : @zaman_school.kz

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарғалы ы/а, Кенесары хан, 56/1.

+7 747 111 26 05