info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Табысты отбасылық бизнес

Жаңалықтар
06.09.2023

Досанов Қайырбек Тұрсынұлы мен жұбайы Досанова Эльмира Ақжұлтайқызы Үржар ауылында 15 жылдан астам уақыттан бері ағаш кесу және ағаштан бұйымдар жасау ісімен айналысып келеді.

2007 жылы жинаған ақшасына ағаш шеберханасын салып, есік-терезе жасайтын станоктар, дайын өнім мен шикізатты жеткізетін көлік алды. 2011 жылдан бастап бастырма, үстел, орындық, топчан, әткеншектер жасала бастады. 2012 жылдың басынан бастап Үржар ауылында мемлекеттік мектептер, медициналық мекемелер мен балабақшалардың құрылысы басталды. Кәсіпкер дайын өнімдерді тұтынушыларға тікелей жеткізе бастады. 2014 жылы кәсіпкер өз қаражатына жер сатып алып, жаңа цех салып, жаңа станоктар сатып алды. Уақыт өте келе өнім түріне баспалдақ, балясиналар қосылды. Алакөл жағалауында демалыс аймақтары көбейе бастағалы бері жиһаз жасап, демалыс аймақтарын салу үшін кесілген ағаш материалдарды көтерме жеткізіп бере бастады.

2023 жылдың көктемінде кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» айналым қаражатын толықтыруға 21,75%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оны 7%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ кепілдік жетпеген кезде Қор кепілдік те берді.
Қайырбек Тұрсынұлы мен Эльмира Ақжұлтайқызы өңірдің дамуына қосқан үлесі мен көмегі үшін аудандық және мемлекеттік мекемелердің Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды.

Байланыс телефон: +7 775 761 71 84

Мекенжайы: Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы