info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Еңбекпен тапқан нан тәтті

Жаңалықтар
06.09.2023

Қызылордалық «Нұрай текстиль» брендінің бұйымдары тамаша сапасы, алуан түрлілігімен тұтынушылардың көңілінен шықты. Төлешбекова Гүлвира Сағатбекқызы – төсек-орын жабдықтарын өндіру саласында жаңа технологияларды қолданатын өндірушілердің бірі.

Ол кәсіпкерлікке 2014 жылы зергерлік бұйымдар сату арқылы келді. 2022 жылы кәсібін кеңейту туралы шешім қабылдап, өнім өндіретін және сататын сауда үйі бар цех ашты.

Ол үшін «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында оның 5%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Сонымен қатар, Қордың кепілдігі берілді.

Несие қаражатына өндіріске қажетті шикізат пен заманауи тігін жабдықтарын сатып алынды.

Жұмыс істеген 1 жыл ішінде «Нұрай текстиль» тоқыма нарығында берік орын тауып, өнім түрлерін арттырып келеді. Цехта төсек-орын, әйелдер мен ерлерге арналған халаттар, сүлгілер, төсек жапқыштар, көрпелер, жаялықтар, жастық қаптары, жастықтар, матрацтар, қалыңдыққа арналған төсек-жабдықтар және т.б. бұйымдар экологиялық және табиғи материалдардан жасалады.

Қызылорда қ., Журба көшесі, 98

+7 705 542 12 34

инстаграм: @nurai_dom_textile