info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Атырау филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
07.09.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады.  Бұған «Даму» Қорының _Атырау_ облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді.

Пресс-тур аясында «Атырау облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директор орынбасары Ернар Жұмағалиев журналистерге нәтижелерді баяндады.

Интервью 1.jpeg

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста:

·      кәсіпкерлердің несие сомасы 255,2 млрд теңге болатын 4047 жобасы субсидияланып,

·      кәсіпкерлердің 3276 жобасы «Даму» Қорынан 35,4 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 71,8 млрд теңгені құрайды.

Оның ішінде биыл:

·      «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша кәсіпкерлердің жалпы сомасы 23,9 млрд теңгеден астам 428 жобасы қолдау алды, оның ішінде:

·      «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында несие сомасы 14,4 млрд теңгеден астам 425 жоба қолдау тапты;

·      «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын кредиттеу тетігі бойынша жалпы сомасы 9,5 млрд теңгеден астам 3 жоба;

·      «Кепілдік беру» құралы бойынша облыс кәсіпкерлерінің жалпы кредит сомасы 11,9 млрд теңгеге 388 жобасына қолдау көрсетілді,оның ішінде кепілдіктер сомасы 5,8 млрд теңгені құрады.

Даму офис 2.jpg 

Пресс-тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды.

Финобучение СМИ.jpg

Сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша өңірлік филиалы пресс-тур аясында Даму Қорының мемлекеттік бағдарламалары мен бағдарламаларын іске асыру бойынша БАҚ өкілдеріне оқыту семинары өткізілді. Кездесу барысында барлық сұрақтарға жауаптар берілді. 

            Қолдау алған кәсіпорындар: 

Компания ТОО «Орда-Султан» 1.jpg

«Орда-Сұлтан» ЖШС. Мектепке дейінгі тәрбие Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Оның мақсаты – баланың психикалық және физикалық дамуы ғана емес, сонымен қатар жалпы адамзаттық мәдениетте тұлғаны қалыптастыру.

Осылайша, бірнеше жылдан бері жас ұрпақтың дамуына кәсіпкер Лаура Құсманованың қосқан үлесі зор. «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысу оған Атырау қаласында жұмыс істеп тұрған екі балабақшаны, Лесхоз ауданында «Алтын сақа-1» және Мұнайшы шағын ауданында «Алтынсақа-2» балабақшасын ашуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда екі балабақшада 350-ге жуық бүлдіршін тәрбиеленуде, ғимараттар барлық қажетті құрал-жабдықтармен, жиһаздармен, тұрмыстық техникамен жабдықталған, ойын алаңдары бар, сабақтар қазақ және орыс тілдерінде, 5 мезгіл тамақтандыру, демалыс және ұзартылған күн топтарында жүргізіледі. Сабақтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Қарлығаш», «Зерек бала» оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар, осымен тоқтап қалмай, Лаура Құсманова кәсібін кеңейтіп, оқу-шығармашылық спорт орталығын ашуға шешім қабылдады, онда үйірмелердің бірнеше түрін ашу жоспарлануда: оқу, спорт, би, аспаптық және ақпараттық технологиялар үйірмесі.

«Орда-Сұлтан» ЖШС-нің жылжымайтын мүлікті сатып алу жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту» жобасы аясында жылдық 18,5% -бен мақұлдады, оның 6% кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Қордың кепілдігі несие құнының 23%-ын құрады. 

Мекен жайы: Атырау қаласы, Лесхозная к-сі,7 ж/м Мунайшы, 6 д10; Инстаграм: altynsaka_atyrau

ИП «Гайдарова» 4.jpg

Гайдарова ЖК. Гүлбану Гайдарова бала күнінде қуыршақтарына арнап ақ пердеден той көйлектер тіккенді ұнататын. Кейін бұл балалар хоббиіне айналып, болашақ кәсібіне негіз болды.

Бастауыш сыныптардың ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша білім алған соң Гүлбанудың алдында мамандығы бойынша еңбек жолын бастау әлде хоббиін табысты іске айналдыру деген таңдау тұрды. Әйтсе де, сұлу қалыңдық образын жасауға деген қызығушылық бар қорқынышын жеңіп, сүйікті ісімен айналысуға бел буды.

«Өз тойымдағы ақ көйлек пен сәукелемді өзім тіктім. Қонақтардың таңданысы мен тәнті болуы мені ұлттық нақышта той көйлек тігетін жеке шеберханамды ашуға итермелеп, арулар «Сырға салу» және «Ұзатуға» ұлттық киімдерге тапсырыс бере бастады», - дейді кәсіпкер.

Бүгінде Гүлбану Гайдарова табысты кәсіпкер атанғанына он бір жылдан асты. Оның Батыс өңірінде Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе, қалаларында бірнеше той салондары бар.

Кәсіпкердің киім-кешек тігу цехы ғимаратын салу бастамасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Ұлттық жоба» бағдарламасының 2-бағыты аясында қолдады. Нәтижесінде 19,5%-дық несиенің Қор субсидиялайтын бөлігі 14,5% құрады. Ал кәсіпкер 5% айырмасын төлейді. Қор 30,1 млн теңгеге кепілдік берді.

«Гайдарова» ЖК алдағы уақытта штатты көбейтіп, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, халық сұранысына сай ұлттық киімдер, той көйлектерін шығаруды көздеп отыр. 

Атырау қаласы, Атырау ш/а, Грибоедов, 13; +7 778 991 15 92; инстаграм:@erkesylkym_atyrau 

ТОО «GRAND MED GROUP» 10.jpg

«GRAND MED GROUP» ЖШС. Қазіргі уақытта стоматологиялық қызмет ең сұранысқа ие қызметтердің бірі болып табылады. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар стоматологиялық ауруларды емдеудегі табыстың құрамдас бөлігі болып табылады. Жаңа технологиялар мен заманауи ғылымның жаңа жетістіктерін игеретін және енгізетін клиникалар айтарлықтай бәсекелестік артықшылыққа ие.   Жаңа тұрғын үй «New City» кешенінде жұмыс істейтін «GRAND MED GROUP» ЖШС-нің жаңа инновациялы стоматологиялық емханасы жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда компания барлық түрлерін көрсетеді. Емхана соңғы үлгідегі барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Клиникада он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Дәрігерлер жыл сайын курстарға қатысып, біліктіліктерін арттырады. Бүгінгі таңда емхана Атырау қаласындағы ең үздік емханалардың бірі болып табылады, тұрақты тұтынушылары бар.

«GRAND MED GROUP» ЖШС - нің «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту» жобасының қатысушысы болып табылады, бұл жылжымайтын мүлікті 6%-ға жеңілдетілген несиелеу бойынша сатып алуға мүмкіндік берді және компания несие сомасының 62 пайызын құрайтын «Даму» қорының кепілдігін де пайдаланды. 

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 74/1, 8 блок; instagram: grandmed.atyrau; тел: 87010582228

ИП «Риза».jpg

«Риза» ЖК. Жаңа ісін бастаған кәсіпкер Ұлболсын Ерубаева жеке кәсібін ашар алдында немістің «Булки-Хауз» наубайханасының технологиясын мұқият зерттеді, кейін уфалық серіктестерден франшиза алды. Осы саладағы білімді нығайту үшін ол башкор аспаздық шеберлерін Атырауға шақырды, олар өз кезегінде қызметкерлерді оқытып, неміс нан пісірудің құпияларымен бөлісті.

«Менің кәсібім ғимаратты жалдаудан басталды, әрине өмірлік қиындықтар болды, менің бес жасар баламның церебральды сал ауруы маған әлсіз болуға мүмкіндік бермеді. Еңбекқорлықтың арқасында, бүгін Атырауда екі жеке аспаздық дүкенім бар. Неміс нан пісіру технологиясын сақтау үшін мен осы күнге дейін Ресейден ингредиенттерді сатып алуды жалғастырамын, бұл Атырау облысының тұрғындары арасында сұранысты арттыруға мүмкіндік береді»- Ұлболсын Ерубаева атап өтті.

Бүгінде «Риза» ЖК Атырау облысы тұрғындарын нан өнімдерінің 30 түрімен, тәтті және нәрлендіретін өнімдердің 100 түрімен қуантады. Айта кету керек, пандемия мен карантин кезінде «Риза» ЖК компаниясы үзіліссіз режимде жұмыс жасап, аз қамтылған отбасыларға жаңа пісірілген тағамдарды ақысыз жеткізді.

Негiзгi құралдарды сатып алуға арналған «Риза» ЖК жобасы Атырау қаласында «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 пайыздық жылдық мөлшерлемемен субсидиялауға ие болды, сыйақылау мөлшерлемесінен 6 пайызын кәсіпкер төлейді, айырмасы мемлекетпен субсидияланады. Қордың кепілдігі несие сомасынан 85 пайызды құрайды. 

Адрес: Атырау қаласы, Азаттык даңғылы, 64/9; Байланыс тел: 87756546699. 87780513111; Инстаграмм:bulki_house_atyrau