info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Маңғыстау филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
05.09.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді. 

Пресс тур аясында «Маңғыстау облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры орынбасары Гульсая Жумабаевна Ахметова журналистерге нәтижелерді баяндады.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста:

  •         кәсіпкерлердің несие сомасы 285,3 млрд теңге болатын 4 558-ден астам жобасы субсидияланып,

  •         кәсіпкерлердің 3 853 жобасы «Даму» Қорынан 41,1 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 80,9 млрд теңгені құрайды. 

Оның ішінде жыл басынан бері:

  •         кәсіпкерлердің несие сомасы 30,1 млрд теңге болатын 733 жобасы субсидияланып,

  •         кәсіпкерлердің 559 жобасы «Даму» Қорынан 7,6 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 15,1 млрд теңгені құрайды. 

  • 0 даму 1.jpeg

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. 

0даму.jpeg

Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды. 

«Каскор-Машзавод» ЖШС – Маңғыстау облысындағы машина жасау саласындағы тұрақты дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Компания 1990 жылы құрылды. Мұнай және газ өндіруге арналған мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын, мысалы, мұнай қыздырғыш пештер (сағалық жылытқыштар, жол жылытқыштары және т. б.), ұңғымаларды бұрғылау, өндіру және кейіннен пайдалану үшін пайдаланылатын құбырлардың мұнай сортын, оның ішінде «Premium» класты бұрандалы сорғы-компрессорлық, мұнай-газ кәсіпшілігі құбырларын, корпустық, бұрғылау құбырлары, сорғы штангалары, әртүрлі конфигурациядағы сыйымдылық жабдықтары, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар, мұнай-газ секторы үшін әр түрлі күрделі металл конструкциялары және т. б. өндіру және жеткізумен айналысады.

6ТОО Каскор (15).jpeg

Барлық өнімдер тұтынушылардың талаптарын ескере отырып, нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес шығарылады және ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарына толық сәйкес келеді. Бүгінгі таңда компанияда 365 адам жұмыс істейді.

Компания «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын шығару бойынша өндірісті жаңғыртуға жылдық 14% мөлшерлемемен несие алды, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал қалғанын мемлекет субсидиялайды.

«Түпқараған-Финанс» ЖШС

«Түпқараған -қаржы» ЖШС 2006 жылдан бастап қонақ үй мен мейрамхана қызметтерін көрсетумен айналысады. «Достық» қонақ үйі – Ақтау қаласының қақ ортасында және ең жақсы аудандардың бірінде орналасқан. Абсолютті жайлы, мінсіз шеберлікпен жабдықталған эксклюзив, керемет безендірілген 70 бөлмесі бар жоғары деңгейлі қонақ үй. Іссапар болсын, демалыс болсын, әр келушіге «Достық» қонақ үйінде тұру ұмытылмас әсер сыйлайды. Әрбір жеке бөлме жоғары талғаммен безендірілген. Сырттан кіргенде бірден сергітіп, жанды рахатқа бөлеп, үйдегідей жайлы демалуға барлық жағдай жасалған.

11 ТОО Тупкараган 1 (7).jpeg

70 бөлменің ішінде 42 стандарт, 23 люкс, 5 король люксі бар. Бөлмелер мамық төсек, жоғары жылдамдығы бар интернет, көп арналы теледидар, шағын тоңазытқыш, есіктің электрондық карталары, түтін детекторы, сейфпен жабдықталған. Кір жуу және бөлмені реттеп тұру қызметі бар.

Қонақ үйді іске қосу үшін «Түпқараған-қаржы» ЖШС «ForteBank»-тен 78 ай мерзімге 18,5%-бен несие алған. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесін 6%-бен төлейді, ал қалған 12,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

«Асклепий» ЖШС

Бүгінде офтальмологияда технологиялық революция жүріп жатыр. Бұл революцияны жасаған – микроскоп. Микроскоп болғанда да, бұрыннан бері белгілі қарапайымы емес, операция микроскопы. Бұл адамның ең нәзік органы – көздің тереңдігіне енуге мүмкіндік берді. Операция микроскобының арқасында көздің микроәлеміне кіріп қана қоймай, ол жерде «тазалық» орнатуға да мүмкіндік туды.

ТОО Асклепий (01).jpeg

Бұл революциялық әдісті офтальмологиялық және невропатологиялық қызметтерді ұсынумен айналысатын «Асклепий» ЖШС да қолданады. Компанияның офтальмология және невропатология саласында қызмет көрсетуге берілген 1-санатты лицензиясы бар. Құрылтайшысы Құлымбаев Ғалымжан Тұрғанбайұлы – офтальмология саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар маман.

Клиникада барлық дәрежедегі операция жасалатын блок, күндізгі стационар және линза мен көзілдірік таңдап беретін оптика бар. Көздің ішкі тор қабығын лазермен емдеу, қайталанған катаракта мен глаукома хирургиясы, көзді ультрадыбыспен зерттеу, циклоскопия сияқты қызметтер көрсетіледі.

Кәсіпкер атқарып отырған қызметін кеңейту және халықтың көп бөлігін қамту мақсатында Ақтау қаласы, Шығыс-3 шағынауданы, 29 ғимарат мекенжайында орналасқан коммерциялық ғимаратты "Нұрбанк"АҚ-нан алған несие қаражатына сатып алды. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 21,75% құрады, оның ішінде кәсіпкер 8% төлейді, ал 13,75% мемлекет субсидиялайды. Жоба аясында 10 жұмыс орны сақталып отыр.