info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Алиса Ченнің би мектебі»

Жаңалықтар
12.09.2023

«Алиса Ченнің би мектебі» – балалар мен ересектерге арналған бірнеше би стилін үйрететін, Көкшетау қаласындағы жаңа оқу орны. Бұл студия барлығына қолжетімді, мұнда би - ләззат алудың, денсаулық сапасын жақсартудың және жалпы би мәдениетінің деңгейін көтерудің негізгі құралы болып табылады.

Директор – Алиса Пак. Оның негізгі мақсаты - мәдениет саласындағы білім беруді дамыту.

«Мектеп ашылғанға дейін мен үй шаруасындағы әйел едім, тұрмыс шаруасына терең батқаным бұл қадамға әрекет етуге түрткі болды. Қала нарығын зерттегеннен кейін, мен балалар ғана емес, ересектер де бара алатын би мектептері жетіспегенін байқадым. Мұның бәрі 2021 жылдың ақпанында «Алиса Ченнің би мектебі» ЖК ашудан басталды, содан кейін үй-жайды, тауарлы-материалдық құрал-жабдықтарды және, әрине, клиенттерді табу болды. Бұл үлкен уақытты алды. Мектептің танылуында қиындықтар туындады, яғни жарнама және басқа ақпарат көздері бірден тиісті нәтиже бермеді. Клиенттер ұзақ уақыт бойы жиналынды , бірақ іс қарқын ала бастаған сәтте мен бизнесті кеңейту, яғни балаларды дамыту және мектепке дейінгі білім беру керек екеніне шешім қабылдадым. 2023 жылдың мамыр айында «Даму» Қорына және «Банк ЦентрКредит» АҚ - на «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға көмек сұрадым» -деп, бөлісті негіздеуші АлисаПак.

Қор несие бойынша кепілдік беру және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы кәсіпкерді қолдады. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіпорын несие бойынша 8% төлейді, айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

Ашылған сәттен бастап, мектеп күн сайын өркендеп келеді. Өнердің бұл түрінің қарқынды және қызықты дамуы экспрессивтілік пен өзекті аспектілердің жаңа құралдарын - фестивальдердің, мерекелердің және халықаралық хореографиялық байқаулардың барлық түрлеріне қатысуды тудырады. Қазіргі уақытта мектепте 80-ге жуық бала білім алып, әр бағытта3 мұғалім еңбек етуде:

  • - латын Америкасы билері;

  • - балалар хореографиясы;

  • - заманауи билер;

  • - халық билері;

  • - high hells биі;

Абонемент құны - 8000 тг, оған 12 сабақ кіреді. Бірақ, қазақстандық «Арт спорт» бағдарламасының арқасында 4-17 жас аралығындағы балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысуға мүмкіндік алды.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі 111/2.

Тел: +7 747 303 62 23

Instagram: @school_dance_alissa