info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Қарағандыдағы қазандық шығаратын зауытқа қолдау көрсетті

Жаңалықтар
12.09.2023

Қазір әлемде шағын және бизнес – күн өткен сайын маңызды және өзекті болып барады. Дегенмен, кез келген кәсіпкер қолдаусыз және қаржыландырусыз бірден биік деңгейге көтеріліп, бизнес ауқымын кеңейте алмайды. Дәл осындай кезде мемлекет әр түрлі қаржы институттары арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Сондай қаржы институттарының бірі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ. Қор көптеген бизнес-жобалардың жүзеге асуы мен өңірлердегі кәсіпкерліктің дамуына ықпал етіп келеді.

Сондай сәтті жобалардың бірі – Қарағанды қаласында 2010 жылы ашылған Қарағанды қазандық зауыты. «Қарағанды қазандық зауыты» ЖШС – инновациялық технологиялар, экологиялық жану технологияларын сақтай отырып тұрғын үй, өндіріске арналған, автоматты түрде ұзақ жанатын қазандықтар шығарады. Компанияның мақсаты – атмосфераға зияны аз қазандықтар жасау.

Кәсіпорынның дамуындағы жаңа бағыт – қалдықтарды жойып жіберетін пештер өндірісі. Яғни, органикалық заттар сияқты қалдықтарды термиялық өңдеу арқылы жоюға арналған қондырғы жасау.

Сонымен қатар, «Қарағанды қазандық зауыты» ЖШС белгілі бір технологиялық процестер кезінде (кептіру, күйдіру, агломерация, отынды жағу және т.б.) ауаны және бөлінетін газдарды құрғақ тазалауға, сондай-ақ аспирациялық ауаны тазартуға арналған екі сатылы циклондарды да шығарады. Олар қара және түсті металлургия, химия, мұнай және машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарында, құрылыс материалдары өнеркәсібінде, энергетикада және т.б. қолданылады. Ауаны тазарту мүмкіндігі 99,6% дейін жетеді.

Зауытта өндірістің әрбір кезеңінде барлық өнімдерді өндірудегі технологиялық процестер мен жағдайлардың тұрақтылығын растауға және тауарлардың барлық белгіленген техникалық регламенттер мен сапа стандарттарына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін сапа жүйесі енгізілді. Шығарылатын өнім сертификатталады.

2021-2023 жылдар аралағында компания «Bereke Bank»-тен несие алып, «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие пайызын субсидиялады.

«Қарағанды қазандық зауыты» ЖШС нарықта 12 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді.

Қарағанды қаласы, Карабас көшесі, 65/2

+7 (771) 128 18 06

https: kotlyzavod.kz