info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қазақстанның экологиялық таза ауданында жасалатын экологиялық таза жартылай фабрикаттар

Жаңалықтар
29.09.2023

Ozyurt Food – ет өнімдері, жартылай фабрикаттар, шұжық өнімдері мен еттен жасалған деликатестер өндіретін және Қазақстан бойынша 200-ден астам серіктестерге шикізат жеткізуші компания. 

Ozyurt Food компаниясы Ozyurt Group компаниясының бір бөлігі. Оған мейрамханалар мен фастфудтар желісі кіреді. 1993 жылдан бастап Қазақстанда мейрамханалар желісі, ал 2012 жылдан бастап өндірістік компания (зауыт) жұмыс істейді. Қазір Ozyurt Food-та 50-60 адам жұмыс істейді. 

Зауыт ашу жайлы идея желінің барлық мейрамханалары үшін бірыңғай тағам стандартын сақтау қажет болғанда келді. Барлық тағамдар сапалы өнімдерден дайындалуы үшін өндіріс құру жайлы шешім қабылданды. Бірінші кезекте мейрамханаларды қамтамасыз ету мақсаты болғанмен, қазір өнімдердің 70%-ы елдегі басқа да клиенттерге жіберіледі. 

2020 жылы «Қазақстан Халық Банкінен» «Даму» қоры арқылы, «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша жеңіл несие алып, өндірістік цехтың құрылысын аяқтап, құрал-жабдықтар сатып алды. Жаңғыртылған жабдықтар өндірістік желіні жақсартты, шұжық өнімдері, деликатестер, наггетстер және стрипстер түріндегі жаңа өнімдерді қосылды.

 Ozyurt Food – қоғамдық тамақтану орындары мен бөлшек сауда үшін де ет өнімдерін өңдеп, жеткізетін отандық аз ғана өндірушілердің бірі. Он жылдан астам уақыт бойы қонақ үйлерге, мейрамханаларға, асханаларға, сондай-ақ А, В және С санатындағы дүкендерге, оның ішінде ірі және орта ритейлерлерге, фастфуд желілеріне ет өнімдері мен деликатестерді жеткізіп келеді. 

Болашақта өндіріске қажет ет өздерінен шығуы үшін және өндірістің толық циклін қамтамасыз ету мақсатында фермерлікті дамытып, мал өсіруді қолға алмақ.

 Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы, Хантау көшесі, 25

Тел.: +7 727 304 94 14

Почта: director.grey@ozyurt.kz

Инстаграм: @ozyurtfood.kz