info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жетісу облысында Wizards баспаханасы қолдау алды

Жаңалықтар
19.09.2023

Қазақстанда полиграфия және кәдесый өндірісі жақсы дамыған. Полиграфия нарығындағы ұсыныстан асып түсетін сұраныс отандық баспаханалардың тұрақты дамуына ықпал етуде.

Wizards ЖК 2019 жылдан бастап осы салада жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында компанияның клиенттері саны артты. Wizards баспаханасында әртүрлі полиграфиялық өнімдерді басып шығаруға қажетті барлық жабдықтар бар. Мұнда сіз буклеттер, визиткалар, плакаттар және тағыда басқа сияқты әртүрлі баспа өнімдеріне тапсырыс бере аласыз.

Жұмыс ауқымын арттыру қажет болғанда компания «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бағдарламасы» аясында «Даму» Қорының субсидиялау және кепілдік беру құралдарын пайдалана отырып, ЦентрКредит Банктен несие алды.

«Біздің әр жоба – өнер, біздің әр жұмысымыз – өзіміздің кім екенімізді көрсету мүмкіндігі. Біз сізге бірегей визуал шешімдер жасай отырып қызмет етуге қуаныштымыз», - дейді компания басшысы Әйгерім Наушабек.

Ұжымда 6 адамнан тұратын тәжірибелі және білікті мамандар тобы жұмыс істейді. Компания көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі арттыруға, оңтайлы бағаларды белгілеуге және барлық жұмыстарды барынша қысқа мерзімде орындауға ұмтылады.

Инстаграм: @Wizardsprintaldyk

Телефон: +7 777 823 48 47

Мекен-жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Назарбаев көшесі 50