info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Әке көрген оқ жонар»

Жаңалықтар
26.09.2023

Жасболат Нұрлан Ерқайратұлы 2020 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, күзен, былғары және күдеріден киім, бұйымдар тігумен айналысып келеді.

1996 жылдан 2018 жылға дейін кәсіпкердің әкесі осы кәсіппен айналысқан. Ол үйде отырып бас киім тігіп, Алматыға әкеп сататын. Осы жылдар ішінде ісмер әке теріден киім тігетін үлкен өндірістің іргесін қалап, 2018 жылдан бастап бизнес тізгінін ұлы Нұрланның қолына берді. Әкесінің осы саладағы бар білімі мен машығына қанық ұл өз жолын бастады.

Алдымен қаражат жинап, екі цехы бар үлкен коттедж салды. Осылайша, бизнесті кеңейте отырып, бастапқыда 12 адамды жұмыспен қамтыды. Қазір мұнда цехта 20-ға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде алғашқы күннен бері жұмыс істейтін шеберлер де бар.

Жабдықтарын жаңарту қажет болғанда Нұрлан Жасболат «First Heartland Jýsan Bank» арқылы 14,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры кепілдік беріп, несиенің пайызын субсидиялады.

Қазір цех бас киімдерін Қазақстанның барлық өңірлерінде сатады.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылы, Қараш батыр көшесі, 91А

+7 701 720 07 12